{metadescription}
Тараз әкімінің экс-орынбасары Қайсар Сарытай елге экстрадицияланды
Тараз әкімінің экс-орынбасары Қайсар Сарытай елге экстрадицияланды

Тараз әкімінің экс-орынбасары Қайсар Сарытай елге экстрадицияланды

Бюджеттің 50 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталған Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары елге қайтарылды. Қайсар Сарытай бір жарым жыл бұрын Грузияда ұсталған. Бірақ Қазақстанға енді экстрадицияланды. 

Видеоны бас прокуратура жария етті. Ортадағы азамат Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары. Ол қала тұрғындарының арыз-шағымын қабылдайтын «ақылды қала» порталына бөлінген 79 миллион теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Қазір бұл сома 50 миллионға қысқарыпты. Басы дауға қалған экс-шенеунік 2020 жылы өз еркімен қызметінен кеткен. Кейін оның елден қашқаны және оған халықаралық іздеу жарияланғаны айтылды. Бір жылдан кейін Грузияда қолға түскенімен, бүгінге дейін хабар-ошарсыз болған. Ал бүгін оның Астанаға жеткізіліп, тергеу абақтысына қамалғаны белгілі болды. Күдіктінің тағы екі сыбайласы болған. Біреуі жоба әзірлеуші, екіншісі медиа орталығының директоры. Екеуі де жеті жылдан жаза арқалаған.  

ҚР Бас прокуратурасы:

- Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарымқатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде