{metadescription}
Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптамаға сенбейді
Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптамаға сенбейді

Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптамаға сенбейді

Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптама нәтижесіне сенбейді. Яғни кез келген азаматтың бойында ішімдік пен есірткінің бар-жоғын анықтап беретін талдау әншіге келгенде жарамай қалған сыңайлы.

Осы орайда "Ұлы дала баласының" қорғаушылары тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгініп, қанын қайта тапсыртқан. Қазір нәтижесін күтіп отыр. Адвокаттары Төреғалидің арақ пен есірткіден ада екенін дәлелдеумен шектелмей, "жұлдызды" ұрып жықты деген полицейлерге шүйлігіп отыр.  

Тілеужан Кішкенебаев, әншінің адвокаты:

- Машинадан сүйрелеп, жерге, бетонға, асфальт жолға басымен жерге құлатып, барлық полиция қызметкері жабылып, қылмыскер, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстағандай, қылмыскер ретінде көрсету арқылы әрекет жасады. Ол полиция тарапынан заңсыз болып саналады. Соның салдарынан Төреғали ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Себебі:  басынан қатты соққы алған. Денесінен қаншама жарақат анықталды.

«Таяқ жеді» деген Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторында. Ол сот шешімімен 20 тәулікке темір торға тоғытылып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Оған күні кеше жасаған тентектігі себеп. Яғни өрескел жол ережесін бұзған әнші полицейлерге бой бермей, қымбат, жол талғамайтын көлігімен қалада жүйтки жөнелген. Полицияға бағынбағаны өз алдына, тіпті таптап өтуге даяр екенін видеодан аңғаруға болады. Байбалам салып жүріп тұрақта тұрған бөтен көлікті де соққан. Әзер құрықталған әншінің психотроптық есірткі қолданғанын медициналық сараптама нәтижесі де анықтап берді. Десе де әншінің қос адвокаты бұл талдаумен және сот шешімімен де келіспей отыр. Айтуларынша, Төреғалидің де құқығы өрескел бұзылыпты. Қорғаушыларының уәжі әуежайға асығып бара жатқан "супер жұлдыздың" жолын бөгемесе де болар еді ғой дегенге саяды. Алайда өзге заңгерлер әртістің бұл қылығына тағылатын айып ауыр болуы керегін айтады. 

Сергей Уткин, заңгер:

- Полицейлер заңсыз әрекет пен өрескел құқық бұзушылықты көргенде тоқтатуға міндетті. Ол, әрине, сөзбен шешілу керек. Тәртіп сақшылары белгі береді. Жүргізуші тоқтауға тиіс. Ал бұл жерде әнші бағынбай қаша жөнелген. Мұндай жағдайда полицей оған күш көрсетуге мәжбүрлі түрде барып тұр. Өйткені одан басқа амалы жоқ. Әйтпегенде есірткі қолданып көлік тізгіндеген азамат өз жөнімен кетіп бара жатқан өзге адамды қағып немесе соғып, өміріне қауіп төндірмесіне кім кепіл.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде