{metadescription}
Мұнайлы шаруалары жайылымсыз қалған – Маңғыстау облысы
Мұнайлы шаруалары жайылымсыз қалған – Маңғыстау облысы

Мұнайлы шаруалары жайылымсыз қалған – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында бір топ шаруа мал жаятын жер таппай жүр. Себебі: бес ауылдың ортақ жайылымы жеке кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен. Қазір ол жерде құм-тас қазу жұмыстары басталған. Жұрт төрт түліктің өрісін тарылтқандар жұмысты тоқтатып, жайылымды халық игілігіне қайтарып беруді талап етуде.

Алайда ауыл маңынан карьер ашқан кәсіпкерге атқамінерлердің де тісі батпай отыр. Өйткені әкімдік соттан жеңіліп қалған.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы 100 шақты шаруа мал жаятын жерсіз қалды. Ел арасында «Жетікөл» деп аталатын жайылым құм-тас қазатын кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен. «Жайылымның карьерге айналғанын жерді қаза бастағанда бір-ақ білдік», - дейді шаруалар.

Сағат Қосов:

- Қызылтөбенің, Батырдың, Қызылтөбе2, Жаңа дәулеттің, Водниктің малы сол ауылға өріске шығады. Малдың өріске шығатын жерінен басқа өрісіміз жоқ. Себебі, мына жер уран карьер, мына жер 16 разъездің шойын жолы. Шойын жолға малың бармасын деп тағы безілдейді. Сосын сәл жаңбыр жауса, Жетікөлдің тақыры бар. Сол  тақырдан малымыз су ішеді. Біздің мал ішетін су да жоқ.

Жетікөл жерінде Мұнайлы ауданындағы бес-алты ауылдың малы жайылады. Тіпті жергілікті халықтың өтінішімен осы аумақтан төрт түлік су ішетін суат қазуға әкімдіктен қаражат бөлінген. Алайда жайылымды кәсіпкер алса, бұл жұмыс та тоқтап қалады дейді жиналғандар. Өрісті карьерге айналдыру туралы қоғамдық тыңдау да алдын ала халыққа хабарланбаған.

Ерлан Қозыбағаров:

- Шаруа қожалықтарының ватсап чаты бар, сол жерге хабарландыру келеді Баянды ауылының клубында «Әділет Ақтау» мекемесі құм карьер ашу жөнінде қоғамдық тыңдау өткізіп жатыр деген. Ал ол жиналыс сағат 11:00-де басталып кеткен, біздің чатымызға сағат 11:15-те хабарландыру келіп тұр. Ешкім үлгерген жоқ. Жаңағы айтып кеткендей, тек бір ғана адам барып қарсылығын білдірді.

Шаруалар кәсіпкермен бір жарым жылдан бері даулысып әлек. Тіпті мәселені аудан әкімдігіндегі жерге жауапты бөлімге де айттық дейді. Атқамінерлер жерді пайдалануға рұқсат бермегенін айтып ақталып отыр.

Бақытжан Орынбасаров, Мұнайлы ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- ҚР «Жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне сәйкес, лицензияны алған кезде жерді министрліктен кез келген тұлға  алады. Ол интерактив карта дейді, сол интерактив картада блокблок болып бөлініп тұрады. Сол жерді рәсімдеп алады. Ол әкімдікпен еш келісім алмайды. Біз білмейміз. Жерді карьерге рәсімдеп жатқан жер учаскілерін лицензия алып жатқанын әкімдікпен ешқандай келісілмейді. Министрлікпен алып кетеді.

Жергілікті әкімдік жайылымды сақтап қалу үшін кәсіпкерге басқа жер ұсынып қаулы шығарған. Алайда бұған келіспеген бизнесмен әкімдіктің өзін сотқа беріпті. Тіпті жеңіп шығып, жайылымды қаза бастаған. Қазір жергілікті шенеуніктер апелляциялық шағым түсіріп, жайылымды сақтап қалуға күш салып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде