{metadescription}
Мектептерде психолог санын көбейту көзделуде
Мектептерде психолог санын көбейту көзделуде

Мектептерде психолог санын көбейту көзделуде

Мектептерде психолог санын көбейтуді көздеп отыр. Өйткені бұл қоғам талабы. Бүгінде бір мектепке тек екі психологтың орны қарастырылған. «Ал бұл мыңдаған оқушыға шаққанда тым аз дейді оқу-ағарту вице-министрі.

Балалар мен жастардың қабілетін дамытудағы өзге де өзекті мәселелер бүгін Астанада өткен кәсіби психологтардың 1-ші халықаралық форумында қаузалды.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- Мұнда кәсібилік өте маңызды. Өздеріңіз білсіздер, қоғамда өзін психологпын деп танытатын адамдар көбейіп кетті. Бірақ кәсіби көзқарас, әсіресе балалар психологтарының пікірін ескеру өте маңызды. Форум қатысушылары атап өтті, әлем өзгерді, қоғам өзгерді. Балалардың психоэмоционалдық ахуалдарында да өзгеріс бар. Интернет ашықтығы балаларға үлкен әсер етуде. Оң ықпалымен қатар теріс ықпалын да байқап отырмыз. Атааналар жұмысбасты. Осындай проблемалардың шешімін психолог мамандармен талқылап жатырмыз.

Назарбаев орталығындағы балалар психологтарының жиынын "Ел үміті" корпоративтік қоры мен оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған. Қоғам өзгерген сайын жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ерекшеліктер де күрделене түсуде. Осы ретте олардың таланты мен қандай да бір салаға бейімділігін аша білу ауқымды, жан-жақты жұмысты талап етеді. Әсіресе білім беру жүйесінде балалардың қабілетін ұштауда тәжірибе алмасып отыру маңызды. Бүгінгі форумның мақсаты да сол. Жер-жерден жиналған кәсіби мамандардың таным көкжиегін кеңейту. Халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сағаттары ертең де жалғасын табады.

Сильвия Фодор, Еуропалық талантты және дарынды балаларды қолдау желісінің вице-президенті:

- Біз коммерциялық компаниялардағы адамдар арасындағы қарымқатынас, жұмысшыларды қалай ынталандыру туралы жиі айтамыз. Менің ойымша, бұл білім мектептерде де қолданылуы керек. Біз стратегиямызды және түпкі мақсатымызды нақтырақ түсінуіміз керек. Зерттеулер көрсеткендей, мұғалімдерге өз жұмысының нәтижесін көру, өз оқушыларының жетістіктеріне немесе әлауқатына үлес қосып жатқандай сезіну маңызды. Бірақ олардың жұмысқа деген ынтасы бұл ғана болмауы керек…

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде