{metadescription}
Алматыда аңыз актер Алматыда аңыз актер Юрий Померанцевке ескерткіш қойдыке ескерткіш қойды
Алматыда аңыз актер Алматыда аңыз актер Юрий Померанцевке ескерткіш қойдыке ескерткіш қойды

Алматыда аңыз актер Алматыда аңыз актер Юрий Померанцевке ескерткіш қойдыке ескерткіш қойды

Алматыда аңыз актер Юрий Померанцевке ескерткіш ашылды. «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі ақ халатты абзал жанның образымен көпшіліктің есінде қалған өнер иесінің мүсіні Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма тетарының алдында бой көтерді.

Халық артисі дәл осы өнер ордасында бақандай 70 жыл қызмет еткен. Юрий Померанцевтің қола мүсіні Шәкен Аймановтың әйгілі туындысындағы сол дәрігер образында құйылыпты. Бастапқыда шеберлер 100 жасқа қараған шағында былтыр дүниеден озған актердің қария кезін мүсіндемек болыпты. Бірақ кеңесе келе, бұл идеядан бас тартқан.

Померанцев Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жараланып, 1943 жылы Алматыда эвакуацияда болған анасына келіп, осы жерде қалып қойған. Сол уақыттан бері сүйікті қаласына айналған шаһардың театрында өмірінің соңына дейін жұмыс істеді.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі:

- Мен оны студенттік кезден білемін. Сонау 1956 жылдан бері. Барлығы бірге істеп, үлкен театр жасады, Лермантов театрын. Мен Юрий Померанцевке таңқаламын, адам сенгісіз, 100 жыл сахнада ойнаған. Құтты болсын, Юрий Борисович үлкен шебер, үлкен актер, еңбегі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде