{metadescription}
Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың алтауының жеке басы анықталды
Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың алтауының жеке басы анықталды

Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың алтауының жеке басы анықталды

Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшылардың мүрдесіне генетикалық сараптама жасалып, алтауының жеке басы анықталды. Мәйіттер ертең жер қойнына тапсырылады. Ал өңірде жел көтеріліп, бықсып жатқан алқаптың кей жерінде қайта от тұтанды.

Бүгін Шүлбі су қоймасының тұсынан шыққан қою қара түтін жұрттың үрейін ұшырды. Бірақ құтқарушылар тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ дейді. Өйткені ірі өрт ошақтары екі күн бұрын ауыздықталған. Дегенмен мамандар күлге айналған 60 мың гектар алқап толық сөнгенше, желден қайта тұтанып түтін шығуы мүмкін дейді. Сондықтан өрт сөндірушілер ормандағы бықсыған ағаштарды өшіру жұмысын әлі жүргізіуде. Олар жанған аумақты аралап, түтіндеген жерлерге су шашып, топырақ төгіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде