{metadescription}
Семейге көмек: 20 тоннадан астам азық-түлік пен 500 миллион теңге
Семейге көмек: 20 тоннадан астам азық-түлік пен 500 миллион теңге

Семейге көмек: 20 тоннадан астам азық-түлік пен 500 миллион теңге

Абай облысына бүкіл елден жіберген гуманитарлық көмекке қойма лық толған. Қазір өңірдің атқамінерлері қалған 20 тонна азық-түлікті қайда жіберетінін білмей дал. Сонымен қатар халықтан жиналған 500 миллион теңгеден астам қаражат та есепшотта тұр.

Алапат өрт кезінде өңірге бір Астананың өзінен гуманитарлық көмек тиеген жеті жүк көлігі келген. Еліміздің өзге қалалары мен аудандары да қиын- қыстау сәтте қол ұшын созған.

Жалпы ел ішінен 44 мың тонна азық- түлік, 2 мың тонна ет, 30 мың литрдан астам сусын жиналыпты. Алғашында шенеуніктер, гуманитарлық көмекті өрт шарпыған Бородулиха ауданы мен Озерка ауылдық округінен көшірілген тұрғындарға үлестірген. Алайда одан 20 тонна азық-түлік артылып қалып отыр. Енді өңірдің атқамінерлері қалған азық- түлік пен ақшаны үлестіру үшін арнайы комиссия құрмақшы.

Қуаныш Сүлейменов, Абай облысы мәслихатының төрағасы:

- Жұртпен бірлесе отырып, оны қайда пайдаланатынымыз шешіледі. Ал ақша туралы сұрасаңыздар, ол қорда тұр. Қазір жиналып жатыр. Бір тиыны әлі жұмсалған жоқ. Көпшілікпен бірге зардап шеккен азаматтарға және зардап шеккен ауылдарға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде