{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Ату жазасына дайынмын, тек «жемқор» деген атқа қалмасам болды
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Ату жазасына дайынмын, тек «жемқор» деген атқа қалмасам болды

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Ату жазасына дайынмын, тек «жемқор» деген атқа қалмасам болды

«Ату жазасына дайынмын! Тек «жемқор» деген жаман атқа қалмасам болды». Соттағы соңғы сөзін Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін осылай бастады. Мемлекеттің миллиондарын жымқырды деп ұсталған ұлттық музейдің бұрынғы басшысы тағылған айыппен сол күйі келіскен жоқ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы:

- Қандай жаза тағайындаса да, мен дайынмын, тіпті ату жазасы болса да. Тек жемқорлық емес. Қазақтың мақалы бар: «Өлімнен ұят күшті» деген. Арым қымбат.

Былтырдан бері "ақшаны көрмедім, алмадым" деген сөздерден танбаған Мұхамедиұлы мұның барлығын дұшпандарының қасақана істеген әрекеті санайды. Апта басында ғана ол әйелі екеуі соттан кезекті рет өзін үйқамаққа ауыстыруды сұраған болатын. Айтуынша, денсаулығы сыр берген әрі ұры-қарымен бірге темір торда отыруға арланып жүр екен. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

Үкім кім келесі аптада шығып қалуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы Мұхамедиұлына 9 жыл жаза сұраған болатын.

Әр жылдары мәдениет министрі, ұлттық музей директоры болып қызмет еткен оның қолына антикор былтыр мамырда кісен салған. Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген қазынаның миллиондарын қалтаға басты деп айыпталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде