{metadescription}
Үлкен Алматы айналма жолы ашылды
Үлкен Алматы айналма жолы ашылды

Үлкен Алматы айналма жолы ашылды

Үлкен Алматы айналма жолы ресми түрде пайдалануға берілді. Құрылысына бақандай 743 миллион доллар кетіпті. Бірақ аталмыш жобаға мемлекет қазынасы бір тиын да шығармаған.

Ел тарихындағы ең ірі концессиялы жоба болып табылатын автомобиль жолының құрылысын түрік-корей компаниясы жүргізді. 

Айналма жол Қаскелең қаласының маңындағы Қырғауылды ауылынынан басталып, Талғар маңындағы Қызылқайрат елдімекенінде аяқталады. Оңстүстік астананың Солтүстік аумағын түгел айналып, Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарын басып өтеді. Арадағы 66 шақырымды небәрі 30-40 минутта емін-еркін еңсеруге болады. Өйткені алты жолақты жолда жүру жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Соның арқасында Алматының экологиясы жақсарып, көлік кептелісі азаяды деп жоспарланған. Жобаны бастан-аяқ жүзеге асырған түрік-корей концорциуымы 16 жыл бойы шыққан ақау мен жолдың кем-кетігін өз есебінен реттейді. Бастысы, жолдың тарифін  алдын ала немесе бір аптаның ішінде ақшасын төлесең болды. Жүрген қашықтыққа қарамастан, жеңіл көлік 241 теңге, жүк көлігі 414 теңге төлеуі керек. 

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Айналма автожолы мемлекетжекеменшік әріптестік аясында салынған еліміздегі маңызды инвестициялық жобалардың бірі. Ол тұтас өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі тармағы саналады. Осы жол облысымыздың дамуына әсер беріп, инвестициялық және туристік әлеуетті арттырады деген сенімдеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде