{metadescription}
Алматы облысының шенеуніктері LRT құрылысын жоспарлап отыр
Алматы облысының шенеуніктері LRT құрылысын жоспарлап отыр

Алматы облысының шенеуніктері LRT құрылысын жоспарлап отыр

Алматы облысының шенеуніктері көлік кептелісін шешу үшін айналма жолмен ғана шектелмейін деп отыр. Олар енді LRT құрылысын жоспарлауда. Жеңіл рельсті транспортты салуға түріктің «Ташяпы» компаниясы ниетті. Әзірше меморандумға сол компаниямен қол қойылды.

Бірақ жобаның құны да, тартылатын инвестиция көлемі де белгісіз. Жәй-жапсары пысықталып жатыр. ЛРТ желісін Алматы – Талғар, Алматы – Қаскелең және Алматы – Қонаев бағыттары бойынша жүргізгілері келеді.         

Жалпы ұзындығы шамамен 150 шақырым. Жеңіл рельсті көлік желісі іске қосылғанда 100 мың тұрғынға дейін тасымалданады деп жоспарланып отыр. Халқы тығыз қоныстанған Талғар және Қаскелең қалаларында тұрғындар үшін желінің жанынан арнайы тұрақ салынбақ. Билет құнын да шамамен белгілеп қойыпты - 500 теңге. Компания техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға 3 шілдеден кейін кіріседі. Алматы облысының әкімдігі ЛРТ Астанадағыдай болмайды деп үміттенеді.  

Алмас Батанов, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Жеке қаражаттан жасалыды ма, түрік компаниясының немесе мемлекеттікжекеменшік әріптестік механизмі арқылы жасалатын бола ма, оны қарайтын боламыз. Және қоғамдық тыңдау ұйымдастырамыз. Ол жабының керектігі, не керек еместігі халықтан сұралады. Сол жұмыстың бәрін жүргізсек, жемқорлық болмайды деген үміттеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде