Павлодар әкімінің орынбасарына пара алды деген айып тағылды
Павлодарда қала әкімінің орынбасары қамауға алынды. Бұл қызметте тек бес ай отырған Арслан Қалиақпаровқа пара алды деген айып тағылып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.06.2023
36 жастағы шенеунік жол құрылысына қатысты құжатқа ештеңеге қарамай қол қойып беруге кәсіпкермен келісіпті. Антикор оның сол «жақсылығы» үшін ақша алып жатқанда дәл үстінен түседі. Бірақ сома көлемі айтылмай отыр.
Арслан Қалиақпаровтың Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болғанына бес ай да болған жоқ. Бірақ жол құрылысынан бұрыннан хабары бар. Облыс орталығына ауысқанға дейін Екібастұзда автокөлік жолдары, жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!