{metadescription}
Оралдық кәсіпкер Үкімет сағатында ет нарығындағы түйткілді көтерді
Оралдық кәсіпкер Үкімет сағатында ет нарығындағы түйткілді көтерді

Оралдық кәсіпкер Үкімет сағатында ет нарығындағы түйткілді көтерді

Әкімдіктер өндіріс дамуына кедергі келтірмесін. Сенаттағы Үкімет сағатында елдегі ет нарығының жайы талқыланды. Ал бұл салада проблема аз емес. Солардың бірін оралдық кәсіпкер көтерді.

Талғат Берекешев сенаторларға өнеркәсіп нысандарының санитарлық аймақтарындағы заңсыздықтарды тексерумен айналысатын арнайы комиссия құруды ұсынды. Айтуынша, жергілікті шенеуніктер 30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ет өңдеу зауытын бір-ақ күнде тоқтатып тастамақшы.

Талғат Берекешев, кәсіпкер:

- 750 отбасыны асырап отырған 2,5 мың адам жұмыс істейтін зауыттың еңбек ұжымы бұдан кейін қайда баруы керек? Ішкі нарықтың 65 пайызын консерві өнімдерімен қамтамасыз ететін 31 жылдық тәжірибесі қайта өңдеу кәсіпорны әрі қарай не істейді? Көрші елдерге ғана емес, алыс шетелдерге де бағытталған экспортты қайтеміз? БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстарының үш мың фермері мен ауыл халқы өз малын қайта өңдеуге өткізу нарығынсыз қалды. Жыл сайын өңдеуге 10 мың тонна шикізат қабылдайды. 300 мыңнан астам ауыл тұрғынына уақтылы қаражатын төлеп, жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамсыз етіп отыр.

Ет нарығыңдағы негізгі проблемалардың тағы бірі  — ет өңдеу кәсіпорындарында тиімді, қолжетімді бағада шикізат тапшы. Кәсіпорындарда айналым қаражаты жеткіліксіз. Салаға жауапты министр ет нарығын дамыту мақсатында жан-жақты қолдау көрсетілгенімен, осындай мәселенің барын жоққа шығармады. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, мал басын ұлғайту және ет өңдейтін кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы квота бөлініп, ел аумағынан ірі қара малды, қой мен ешкіні әкетуге тыйым салынған.

Жалпы алғанда азық-түлік өнімдері өндірісінде ет тауарларының үлесі бізде 16 пайыз. Бас-аяғы 171 кәсіпорын осы бағытта жұмыс істеп тұр. Ал Оралдағы зауыттың мәселесін шешуге көмекті аямаймыз деді минстр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Ауыл шаруашылық министрлігі, менің өз басым, өзіміздің отандық тауар өндірушілерді, кәсіпорындардың барлығын қолдаймыз. Кублей жайында айтылып отырған мәселе сот органдарының мәселесі, біздің құзіретімізге жатпайды. Қолымыздан келгенде көмек қажет болса, біз көмек көрсетуге дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде