{metadescription}
Алматыда аутист балаларды адам шошыршылық жағдайда емдеген
Алматыда аутист балаларды адам шошыршылық жағдайда емдеген

Алматыда аутист балаларды адам шошыршылық жағдайда емдеген

Аутист балаларды адам шошыршылық жағдайда емдеген. Алматыда ата-аналар жекеменшік түзету орталығының жұмысына шағымданды. Олар мекеменің іші санитарлық талапқа сай емес, дімкәс ұл-қыздарымыз жерде жатып, күні бойы аш құрсақ жүрген деп ашулы.

Ең сорақысы, жарнамасы жер жарған мекемеде ерекше балаларға ем-шараны тәжірибелі мамандар емес, колледж студенттері жүргізген. Прокуратураға шағым түсірген соң, емдеу орталығының лицензиясы болмағаны анықталды.   Бұл аутизмге шалдыққан және дамуы нашар балаларға арналған жекеменшік түзету орталығының іші. Ас бөлмесінде еден мен баспалдақ шіріп, айналаны шаң басқан. Жеткіншектер ойнайтын және жататын бөлме де лас. Мұнда санитарлық талап туралы айтудың өзі артық.

Бұл видеоны көріп жағасын ұстаған ата-аналар орталыққа алып-ұшып жетті. Олар балаларымыз жерде ұйықтап, таңнан қара кешке дейін аш жүрген деп ашулы. Сөйлей алмайтын, күтімді қажет ететін мүгедек перзентіміз мұнда ауруын, керісінше, асқындырды дейді шағымданушылар.

Мөлдір Жолдасбекова:

- Санитария талабына мүлдем сай емес. Балалар қараусыз, өз бетімен жүр. Дәрет сасиды, өте кір. Құралжабдық атымен жоқ. Ас үйі тар, ыдыстарды көрмедік, кішкентай бір стөл, балалар жерде отыр. 

Нигара Бейсекеева:

- Аяқкиімін шешпей аас үйге жүгіреді ғой. Негізі бұрын қызымның тәбеті нашар болатын, қазір не көрсе соның бәрін жейді. Аш келеді. Динамика болсын, кішкене сөйлей бастасын, басқа балалардан айырмашылығы болмасын деп осы жерге әкелгенбіз. Мыналар деген бәрін құртып жатыр.  

Жарнамасы жер жарған мекемеге әр ата-ана ай сайын 200-250 мың теңге төлеп келген. Әу баста орталықтың басшысы уәдені үйіп-төгіп, ұл-қыздарыңызға мықты мамандар уақтылы емдеу шарасын жасайды деп сендірген. Сайып келгенде мұнда ерекше балалармен тек колледж студенттері ғана жұмыс істепті.

Ақерке Қыпшақбаев:

- Менің баламның бағдарламасы бойынша ол сағат тоғыздан  кешкі алтыға дейін үзіліссіз, мықты мамандармен жұмыс істеу керек еді. Ал іс жүзінде, іште болған жағдай, 18-19 жастағы екі қыз ешқашан жұмыс істеп көрмеген. Өзі дұрыс білмейді. Нәтижесі жоқ, өйткені арнайы маман жоқ.

Шыр-пыр болған аналар екі қабатты орталықтың ауласына кірді. Бірақ ғимараттың есігі жабық тұр.

Ең сорақысы, дамуында ауытқуы бар, ақыл-ойы тежелген балаларды оқытатын «Прогресс» деп аталатын мекеменің лицензиясы жоқ болып шықты. Телефон тұтқасын әзер көтерген басшысы: "Біз балабақша емеспіз. Ресми құжаттың қажеті жоқ" дегенінен танбайды. Ал Алматы білім басқармасы аталған орталық заңсыз жұмыс істеп келген деп отыр. 

Мәншүк Зейітова, Алматы білім басқармасының бас маманы:

- Бұл мекеме білім басқармасының базасында тіркелмеген. Бұл мекемеге санитарияэпидемиологиялық қорытынды берілмеген. Сондықтан ол қорытынды алмаған жағдайда, бұл мекеме балаларды ешқандай қабылдай алмайды. Қабылдауға ешқандай құқы болмайды. Қазіргі уақытта біздің мамандар барды. Бірақ бұл орталықтың жұмыс істемейтінін көріп қайтты. Ешкім жоқ.

«Орталық жабылсын» деген ата-аналар прокуратурға арызданбақ. Енді аталған мекеменің заңсыз қалай жұмыс істегенін қадағалушы орган анықтап, шара қолданатын болады. Сондай-ақ санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының мамандары да жоспардан тыс тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде