{metadescription}
Төреғали Төрәлі қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін
Төреғали Төрәлі қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Төреғали Төрәлі қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Төреғали Төрәлі қылмыстық жауапқа тартылуы да мүмкін. Алматы қаласының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 378 бабы бойынша, яғни әртістің билік өкілдеріне қарсылық көрсеткені үшін іс тіркелгенін мәлімдеді.

Төреғали Төрәлі қазір уақытша ұстау изоляторында. Ол сот шешімімен 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Оған екі күн бұрын жасаған тентектігі себеп. Яғни өрескел жол ережесін бұзған әнші полицейлерге бой бермей, қымбат джипімен қала ішінде жүйтки жөнелген. Полицияға бағынбағаны өз алдына, тіпті таптап өтуге даяр екенін видеодан аңғаруға болады. Байбалам салып жүріп, тұрақта тұрған бөтен көлікті де соққан. Әншінің психотроптық есірткі қолданғанын медициналық сараптама нәтижесі де анықтап берді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі медициналық сараптаманың қорытындысы оны әкімшілік қамаудан босатуға көрсеткіш жоқ екенін де мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.