{metadescription}
Дүлей дауылда екі балақай оңбай жарақат алған – Қарағанды
Дүлей дауылда екі балақай оңбай жарақат алған – Қарағанды

Дүлей дауылда екі балақай оңбай жарақат алған – Қарағанды

Қарағандыда аяқ астынан дүлей дауыл көтеріліп, балалар алаңындағы жабындыны жұлып әкетті. Сол мезетте алаңсыз ойнап жүрген екі балақай оңбай жарақат алған.

Жабындымен бірге қаңбақша ұшқан балалардың бірі сегіз, екінші 9 жаста. Кішісі бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның иығы сынып, бас сүйегіне зақым келіпті. Ал екіншісі балалар ауруханасына жеткізілді. Оның да миы шайқалып, денесі сырылған. Қас пен көздің арасында жел тұрып, дүлей дауыл болатынын бала түгілі, ересектер де күтпеген. Екпінді жел Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының шатырын да жұлып әкетті. Ал балалардың обалына қалған жабынды осыдан бір апта бұрын ғана төселген екен. Оның үстіне спорттық құрылғылар орнатылмаған соң, әлі қабылданбаған. Мердігер компания өкілдері бұл жерде балалардың ойнауына әлі рұқсат етілмеген дейді.

Роза Әшірбекова:

- Балаларға «кет» десем, балалар «батут» деп айғайлады. Ал менің дауысым жетпейді, қатты дауыл басталып кетті. Сонымен үйге бардым да, әлеужелі чатына жаздым. Біраздан кейін келінім айтты «қараңыз, газон көтеріліп, бір баланы мына жерге әкелді, ес түссіз» деп, ал  екінші бала подьездің алдында жатты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде