{metadescription}
Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген күдікті ұсталды
Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген күдікті ұсталды

Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген күдікті ұсталды

Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтіріп, өзенге лақтырып кеткен күдікті ұсталды. Тергеуді еліміздің сыртқы істер министрлігі бақылауда ұстайтын болады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

- Қазақстан азаматының Грузияда адам қолынан қаза тапқаны рас. Осы жылдың 24 мамырында Қазақстанның Тбилиси қаласындағы елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан отандасымыздың көз жұмғаны туралы ақпарат түсті. Күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай, қылмыстың мәнжайы мен күдікті жайлы мәлімет жарияланбайды.

Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға бір ай бұрын Кахетия аймағында болған. Жергілікті тұрғын жанжал кезінде өзінің бұрыннан бергі жақын танысы, қазақстандық Жанбота Төлегенді ұрып өлтірген. Қылмысын жасыру мақсатында әйелдің денесін суға лақтырып бой тасалапты. Тек алысқа ұзай алмай қолға түскен.

Қазір қасақана адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жанбота Төлеген 2001-2002 жылдары КТК арнасында тілші болған. Кісі қолынан қаза тапқан әріптесіміздің денесі елге жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.