{metadescription}
Астана іргесінде ағаштар өртеніп, қаланы қою түтін басты
Астана іргесінде ағаштар өртеніп, қаланы қою түтін басты

Астана іргесінде ағаштар өртеніп, қаланы қою түтін басты

Астана іргесінде құрғақ шөп пен қураған ағаш өртеніп, бас қаланы қою түтін басып қалды. Таңертең басталған өрт аумағы сағат сайын артып жатыр. Өртті сөндіруге арнайы штаб құрылып, тікұшақ та тартылған. Әзірге жақын маңдағы тұрғын үйлер мен орман алқабына қауіп жоқ деп сендірді өрт сөндірушілер.

Қосшы қаласының айналма жолы мен Қорғалжын тас жолында сағат 9-дан бері құрғақ шөп өртеніп жатыр. Алдын ала болжам бойынша 15 гектар жер отқа оранды. Тыныс алу мүмкін емес. Аспанды қою қара түтін басты. Түтін қазір сол жағалауға түгелдей қалаға енген. Негізгі ошағы арғы тұста. Өрт сөндірушілер көлігі сол жаққа жұмылдырылған. Өрттің осылайша тез таралуына жел екпіні әсер етіп жатыр және де өрт ошағына жетуге барар жолдың жоқтығы да кедергі келтіруде. Жердің батпақтығы да жағдайды қиындатып отыр.

Отты ауыздықтауға бірнеше өрт сөндіру көліктері келді. Әрқайсысы бес тонна суды шашып, көп ұзамай ол да таусыла бастады. Ырыққа көнбей тұрған өрттің, көк түтіннің ішіне бір топ өрт сөндірушілер кіріп, қолындағы құралдарымен алаумен арпалыса бастады.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 158 қызметкері, қала әкімдік пен "Астана орманының" техникасы  жұмылдырылған. Сонымен қатар қорғаныс министрлігінің екі бірдей МИ-17 тікұшағы да тартылды. Түтін иісін алғаш болып өрт ошағына жақын орналасқан Жағалау шағын ауданының тұрғындары сезді.

Әйгерім Қажыбаева:

- Негзі. Ол түтін жыл сайын қайталанады. Түтін жаман болды, шошып кеттік. Балаларды далаға шығарған жоқпыз, терезенің бәрін жауып қойдық. Өйткені жаман иіс шықты.  

Бас қаланы түтін басуына байланысты қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын орынсыз көшеге шықпауға шақырады. Пәтерлерде терезені жауып, көшеде бетперде киіп жүруді ескертеді. Бұл ұсыныс бірінші кезекте тыныс алу жолдары ауруы бар адамдарға қатысты.

Гауһар Құдайбергенова, пульмонолог-дәрігер:

- Жоғары тыныс жолдарының көптеген ауруына әкелуі мүмкін. Белгісі көп: жөтелу, түшкіру, тұншығу, ентігу. Бүгін білінбесе де, бірнеше күннен кейін ушығып, пневмония, бронхитке әкелуі мүмкін.

Өрт ошағында төтенше жағдайлар министрі де жүр. Арнайы штаб өкілдері өртті ауыздықтауға барын салуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.