{metadescription}
Президент: Қатонқарағай, Марқакөл, Мақаншыны дамытуға барынша күш салу керек
Президент: Қатонқарағай, Марқакөл, Мақаншыны дамытуға барынша күш салу керек

Президент: Қатонқарағай, Марқакөл, Мақаншыны дамытуға барынша күш салу керек

Аудан мәртебесі қайта берілетін Қатонқарағай, Марқакөл мен Мақаншы ауылдарын дамытуға барынша күш салу керек. Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаевты қабылдаған президент осындай тапсырма берді.

Шекара шебіндегі елдімекендерді дамыту мәселесін мемлекет басшысы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда да сөз еткен болатын. Жалпы, құрылтайдың екінші отырысында президент ауылдан бөлек көптеген маңызды тақырыптарға тоқталып, Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.

Қатонқарағай, Марақакөл мен Мақаншы 25 жыл бұрын аудан мәртебесінен айырылған. Содан бері шалғайдағы бұл ауылдар тозып, халқының саны азайды. Қалаға көшу әлі тоқтаған емес. Тұрғындар құжат алу үшін шұрық-тесік жолмен 200-300 шақырым қашықта орналасқан орталыққа сабылуға мәжбүр. Президенттің осы елдімекендердің еңсесін қайта тіктеу туралы шешімін шығыс жұрты қуана қабылдады.

Айдос Әділбеков, Марқакөл ауылының тұрғыны:

- Сол елдің қайтадан қалпына келуіне, аудан мәртебесін беріп жатқаны бәрімізді ерекше қуантады. Аудандарға халықтың қайта келуіне, жұмыс орындарының ашылуына және де жастардың көптеп тартылуына ерекше септігін тигізеді.  

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаевты қабылдаған президент аудан ретінде қайта құрылатын үш елдімекенге баса назар аударуды тапсырды. Мемлекет басшысы шекара шебіндегі ауылдардың тіршілігіне қан жүгіртуді Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Шекара маңындағы елдімекендердің ахуалы жеріміздің тұтастығына және еліміздің амандығына тікелей ықпал етеді. Шын мәнінде бұл стратегиялық маңызы бар мәселе. Өкінішке қарай, шекара шетіндегі кейбір елдімекенде халық саны күрт азайып кетті. «Аманат» партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы бастама көтерген. Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес, ҚатонҚарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым.

Құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы ауылдарды көркейтуден бөлек, бас-аяғы сегіз тақырыпқа ерекше тоқталды. Президент мемлекеттік наградалар мен ордендерді тарихи тұлғалардың есімімімен атауды, төл шежіремізді дәріптейтін көптомдық жинақ әзірлеуді, "Яссауитану" ғылыми орталығын құруды, ономастика саласындағы олқылықтарды қадағалауды тапсырды. Мектептегі тәрбие жұмысы және есірткімен күресті күшейту, ақпарат саясатын қайта қарап, отандық киноны да реформалау керек. 

Президент әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылғанын сүйіншілеп, жиынды жақсы жаңалықпен қорытындылаған болатын.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай арқаны кеңге салып отыратын жиын емес екенін айтты. Сондықтан киелі Түркістанда талқыланған маңызды тақырыптар, тың бастамалар мен салмақты ұсыныстардың барлығы ескеріліп, арнайы жоспар әзірленеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың үшінші отырысын қазақ хандары ордасын тіккен Сарайшық қаласында өткізуді ұсынды. Атырау облысында орналасқан көне шаһардың да ел тарихында алатын орны айрықша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.