{metadescription}
Атыраулықтар: Полиция мен есірткі сатушылардың ым-жымы бір
Атыраулықтар: Полиция мен есірткі сатушылардың ым-жымы бір

Атыраулықтар: Полиция мен есірткі сатушылардың ым-жымы бір

Атырауда есірткі сатушылармен тұрғындардың өзі күресе бастады. Олар жастарды жат қылыққа жетелейтіндерді полицияға хабарлап, тыйым салынған затты сататындарды шетінен ұстатып жатыр. Алайда күдіктілер жазадан тез сытылып кетеді екен. Себебі полиция мен есірткі сатушылардың ым-жымы бір дейді олар.

Осыны айтып, бір топ тұрғын бүгін наразылыққа да шықты.  

Жуырда атыраулық белсенділердің ақпараты арқылы полиция есірткі тасымалдады деген күдікпен бір әйелді ұстаған. Тіпті куәгерлердің көзінше көлігін тінтіп, синтетикалық есірткіге ұқсас таблеткалар тәркіленді.  Күдіктінің қолына сол сәтте кісен салынғанымен, кейін оны босатып жіберіпті. Мұны естіген атыраулық қоғам белсенділері наразылыққа шықты. Олар құзырлы органдар мен есірткі сатушылар сыбайлас деп санайды.

Сандуғаш Күкенова:

- Кешегі Әлия деген әйел ұсталды. Неге оны жіберіп қойды? Мен соған таң қаламын. Неге біздегі жүйе жұмыс істемейді? Демек сыбайлас. Бұл алыпсатарларды қамқорына алған. Полиция өзі сыбайлас деп айта аламын. Өйткені ол қоғамның аузында жүрген әңгіме. Полиция, прокуратура. Кешегіні алды да, жапқан жоқ. Істі алады да, прокуратура қысқартып тастайды, одан алады да, судьялар қысқартып тастайды.

Таңат Нұрымов:

- Кеше ұсталған кезде ол кісі алыпсатар, есірткі сататын адам өз  адамдарына соқты, қамқоршыларына. Қорғаушыларын шығарып берсін. Мына кісі полиция бастығы ма, ҰҚК бастығы ма, прокуратура бастығы ма, дәл осы кісі Атырау қаласында есірткі сататындарды қорғау отыр деп шығарып берсін. Оны анықтау оңай. Себебі қоғам белсенділерінің де, алыпсатарлардың да телефоны тыңдалады.  

Наразы топ  прокуратураға барып осы оқиғаға қатысты бірінші басшының жауап беруін талап еткен. Қадағалаушы орган өкілдері күдіктінің қамауға алынғанын айтты. 

Руслан Әйтімов, Атырау қаласының прокуроры:

- Ол азамат бүгін қамауға алынды. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Прокурордың айтуынша күдіктінің үйіне тінту жасалған. Бірақ ештеңе табылмапты. Ал көлігінен алынған есірткіге ұқсас заттар сараптамаға жіберілген.  Табылған таблеткалардың нақты мөлшері де белгісіз. Егер есірткі екені анықталып, мөлшері 10 милиграмнан көп болса, күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде