{metadescription}
Тасқында баспанасыз қалған отбасылар үйлі болды – Ақтөбе облысы
Тасқында баспанасыз қалған отбасылар үйлі болды – Ақтөбе облысы

Тасқында баспанасыз қалған отбасылар үйлі болды – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында көктемгі тасқында баспанасыз қалған отбасылар үйлі болды. Қобда ауылында отыз шаңырақ қоныс тойын тойлап жатыр.

Ойыл мен Қобда аудандарында көктемде жарияланған төтенше жағдай әлі алынған жоқ. Су тартылып жер кепсе де, шенеуніктер тасқыннан келген шығынның орны толып, зардабы  жойылған жоқ дейді.

Қобда ауылында 80-ге тарта үй су астында қалған еді. Соның 30-ы тұруға мүлдем жарамай қалған. Дереу қазына қаржысына үш айда үй салып берді. Біреуі демеушілер көмегімен тұрғызылған.

Үш ай бұрын қырдан аққан қызыл судан Қобда мен Ойылдың бірнеше ауылы қатынассыз қалған. Жол мен көпірлерді тасқын шайып кетті. Қобдадағы мектеп пен спорт кешендері де малмандай су болды. Енді төтенше жағдайға қатысты бюджеттен бөлінген ақшаға соның бәрін қалпына келтіру керек.

- Құтты орынға бәрі орналасып жатыр. Бәріміз де қуаныштымыз. Бұл бір ғасырда болмаған жағдай, мұндай су тасқыны. Бәріне де шыдай білу керек. Шыдамағанда қайда барамыз?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде