{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға сотталды
Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты істе сот үкімі шықты.Екі айға созылған процестің соңғы нүктесі бүгін Астанадағы №2 Байқоңыр ауданының сотында қойылды. «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген ақшаны жымқырды деп айыпталған экс-министрге қандай үкім оқылды?

Былтыр мамырда қамауға алынып, екі ай бұрын соты басталған Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға  бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі Байқоңыр ауданының сотында оқылды. Мұнда келген адамның қарасы көп. Үкімді естуге жақын туыстары, үзеңгілес достары, жары мен балалары келген.

 Арыстанбек Мұхамедиұлына «Үндістанда көрме өткізу кезінде мемлекет қазынасынан 221 миллион теңгені қалтасына басты» деген айып тағылған. Сотталғандар қатарында министрден бөлек, өзге төрт сыбайласы бар. Олар жет жылдан жаза арқалады. Бұл азаматтар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Бағлан Ыдырысов Байқоңыр ауданы сотының судьясы:

- Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР ҚК 28-бабы, 3-тармағы және 189-бабы, 4-тармағымен, "қылмысты ұйымдастыру", "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде жымқыру және талан-таражға салу" бойынша кінәлі деп танылсын. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. Мүлкі тәркіленбейді. Мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына рұқсат жоқ.

Былтырдан бері "ақшаны көрмедім, алмадымнан" танбаған Мұхамедиұлы үкімді ести сала, келіспейтінін айтты. Әр жылдары мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің басшысы қызметін атқарған Мұхамедиұлы адвокаттарымен сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмекші. Антикор Мұхамедиұлының қолына кісен салып уақытша ұстау изоляторына әкеткелі, экс-министр дімкәс денсаулығына байланысты төрт рет өзін үйқамаққа ауыстыруды сұраған. Одан қалды ұры-қары, нашақор, педофилдермен бірге темір торда отыруды, өнер адамы ретінде өзіне ар санайтынын да айтқан.

Бұл іс драмаға толы болды. Былтыр антикор экс-министрдің үйін тінткен кезде Аыстанбек Мұхамедиұлы солардың көзінше өзіне қол салмақ болған. Оны өткен сот отырыстарының бірінде әйелі де растады. Дер кезінде ауруханаға жеткізіліп аман қалыпты.

Ал сот үкімін естіген Мұхамедиұлының ұлы әкесімен қоштасар кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен шекісіп қалды.

Соттағы соңғы сөзінде «ату жазасына да дайынмын, 60 жыл лайықты өмір сүрдім, өлімнен ұят күшті» деп мақалдатқан экс-министрдің барлық мемлекеттік марапаты кері қайтарылатын болды. Атап айтқанда, Парасат, Құрмет ордендері. Сондай-ақ мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.