{metadescription}
Қазақстан мен Германияның екіжақты сауда-экономикалық қатынасын дамыту талқыланды
Қазақстан мен Германияның екіжақты сауда-экономикалық қатынасын дамыту талқыланды

Қазақстан мен Германияның екіжақты сауда-экономикалық қатынасын дамыту талқыланды

«Ықпал етуге дайынбыз». Елімізге мемлекеттік сапармен келген Германия президенті екі ел азаматтарына виза талаптарын жеңілдетуді қолдайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франк-Вальтер Штайнмайермен жеке және кең құрамда кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық қатынасты дамытуды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажет шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Германия тарапының өтінішімен Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту соның нақты мысалы. Бүгінде «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді.

Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы Қазақстанға тиесілі. Былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық 10 миллиард долларға жеткен. Неміс инвесторлары көлік-логистика мен шикізат көздерін әртараптандыруға қызығушылық танытып отырғандықтан, Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапарын әрі қарай Маңғыстау облысында жалғастырады. Ол аймақтың экономикалық әлеуетімен танысу үшін әдейі ат басын бұрмақ.

Жалпы алғанда Германия президентінің сапары аясында екі ел басшылары 9 құжатқа қол қойып, сегіз ауқымды жобаны бірлесіп жүзеге асыруға ниетті. Ең көлемдісі құны 235 миллиард болатын жасыл сутегі өндірісі.

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия президенті:

- Германия бизнесі қазір өзгеріс үстінде. Бұл жағдай, әсіресе, шикізатқа біржақты тәуелділік бар екенін анық көрсетті. Шикізат көздерін және оларды жеткізу тізбегін әртараптандыру қажет. Бұл қазір германиялық кәсіпорындар үшін аса өзекті мәселе. Олар жаңа қолдау шараларын іздеп, жаңа келісімшарттар жасауға тырысып жатыр. Осы сапар арқылы екі ел арасындағы жанжақты байланысқа қатысты ұстанымдарымыз ортақ екенін жеткізгім келеді. Өзіңіз атап өткендей, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен серіктестікті кеңейтіп, қарымқатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде