{metadescription}
ШҚО-да кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ құрықталды
ШҚО-да кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ құрықталды

ШҚО-да кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ құрықталды

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Мұздай қаруланған 20 адамнан құралған қарақшыларды қолға түсіру оңай болмаған.

Өйткені Өскемен қаласында күшпен тәртіп орнатуға тырысқандар ізін жасырмақшы болыпты. Сондықтан арнайы операцияға Ұлттық Ұлан сарбаздарын жұмылдыруға тура келді. Полицейлердің мәліметінше, ұсталған 30-45 жас аралығындағы жігіттер өңірдегі ірі кәсіпкерлерді қорқытып-үркітіп, ақша бопсалаумен айналысқан. Оның ішіндегі сегіз адам Қатон-Қарағай ауданындағы кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап етті деген күдікке ілінді.

Қазір төрт жігіт қамауға алынған. Ал олардың үй-жайын тінткенде екі мылтық, бір жарық-шу гранатасы және оқ-дәрі табылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде