{metadescription}
«Алтын орда» базарын басып алуға кімдер мүдделі?
«Алтын орда» базарын басып алуға кімдер мүдделі?

«Алтын орда» базарын басып алуға кімдер мүдделі?

Алматы облысындағы «Алтын орда» базарында тағы шу. Бұл жолы базар басшылығы күзетшілермен келісе алмай, «қорқытып-үркітті» деп шағымданды. Айтуларынша, сауда орны  аумағын күзетуге рұқсат бермесе, әлдебіреулер күнде келіп ашық доқ көрсетіп жүр. Полицияға да шағым жазылған. Құзырлы орындар қазір тексеріп жатыр.

Еңгезердей жігіттің 30 шақтысы соңғы бір аптадан бері «Алтын орданың» аумағын айналшықтап жүр. "Бұл жақты күзету біздің қолымызға өтті, өз еріктеріңмен кетпесеңдер, обалы өздеріңе" деп үркітеді дейді базар басшылығы. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ресми түрде жалданғандар да әбден зәрезап болған.

Әсет Егембаев, күзетші:

- Егер кетпейтін болсаңдар, сыртта Газель, арнайы және жылдам қимылдайтын жасағымыз тұр, өз еркіңізбен кетіп қалуға болады» деп қорқытты. 14 маусымнан бастап «Алтын ордада», күндізтүні осында. Біз де күндіз-түні осындамыз. Ешқайда, үйге барған жоқпыз. Ары-бері кетеді, ары-бері айналып жүр.  

Кетпей жүрген күзетшілерді біз де көрдік. Тек мән-жайды айтуға олар құлықсыз. Бұрылып қарай бергеніміз сол еді, тұра қашты.

Сөйтіп базар шетіндегі талдардың ортасына тығылып, жоқ болды.

Ермек Омаров, «Алтын орда» базары директорының міндетін атқарушы:

- Осындай қоқанлоқы жасап жүр. Біз базарды аламыз. Сонымен оның бәрін заңды түрде сот арқылы шешілетініне сенеміз. Қандай жағдай болса да, заң жүзінде жазаланады. Бұлар келгелі базарда тыныштық жоқ. Елдің мазасы кетіп жатыр. Екі күн бұрын «Сәлем» базары өртенді. Осы жағдайларға қатысы бар ма деп ойлаймыз.

Бұл жағдайға қатысты базар әкімшілігі құзырлы органға арызданған. Алматы облысының полиция департаменті тексеріс басталғанын жеткізді.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Қазір Қарасай ауданының полиция басқармасының қызметкерлері аталған фактыны тексеріп жатыр. Жағдайды тексеру нәтижесі, оқиғаның обьективті және жанжақты зерттеу үшін құқықтық баға беріледі.

Күдікті күзет мекемесінің артында кімдер тұр? Атышулы базарды басып алуға кімдер мүдделі? Бұл сұрақтың жауабын жақын арада полиция тексеріс нәтижесінде хабарлайтын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде