{metadescription}
Ақтөбеде құлағалы тұрған үй тұрғындары баспана талап етіп отыр
Ақтөбеде құлағалы тұрған үй тұрғындары баспана талап етіп отыр

Ақтөбеде құлағалы тұрған үй тұрғындары баспана талап етіп отыр

Ақтөбеде құлағалы тұрған үйдің тұрғындары әкімдіктен баспана беруді талап етіп отыр. Себебі, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған төрт қабатты қос ғимаратты сарапшылар тұруға мүлдем жарамсыз деп таныған. Ал қабырғасы қақырап, іргетасы шөгіп жатқан үйден 48 отбасы уақытша баспанаға көшілірген. 

Ардақ Қожағұлова:

- Негізгі талап – Тоғжанов мырзамен кездесу, тұрақты үй бергізу. Болды, басқа еш нәрсе сұрамаймыз. Артық нәрсе керек емес. Шаршы метрімізге сай үй тауып берсін. Біз ана жерде тұрақты деп қашанғы тұрамыз? Жаздың ортасы болды.

Апатты деп танылған қос үй тұрғындары бала-шағасымен облыс әкімдігіне келді. Олар алдымен аймақ басшысының қабылдауын талап еткенімен, Ералы Тоғжановпен кездесе алған жоқ. 48 отбасы осыдан екі ай бұрын үйінен уақытша баспанаға көшірілді. Себебі сапасыз салынған баспананың кірпіші үгітіліп, іргетасы отырған. Бұл үйлер нбәрі үш жыл бұрын ғана «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған. Неше жыл бойы пәтер кезегінде тұрған жұрт жеңіл несиеге алған. Енді құлағалы тұрған үйдегі баспанасының орнына өзге пәтер берсін деген талабы бар. Ал құрылысты сапасыз жүргізген мердігерге қандай шара қолданылатынын әкімдіктегілер нақты айта алмады.

Жангелді Әубәкіров, Ақтөбе әкімінің орынбасары:

- Қазір тұрғындарға үй беруді қарастырып жатырмыз. Бірнеше үй бар. Тұрғындарға сол үйлерден пәтер көрсетеміз. Өз таңдауын жасай алады. Көңілінен шыққан пәтерін алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.