{metadescription}
Оралда Жайық жағасын жөндеуге қаржы бөлінбейтін болды
Оралда Жайық жағасын жөндеуге қаржы бөлінбейтін болды

Оралда Жайық жағасын жөндеуге қаржы бөлінбейтін болды

Жайықтың жағасы жөнделмейді. Орал қаласының әкімдігі әбден тозып, быт-шыты шыққан өзен жағалауын көріктендіруге қаржы бөлмейтін болды. 

Жайық жағасы 2013 жылы бюджеттің жарты миллиард теңгесіне жөнделген екен. Бірақ алғашқы көктемгі тасқында-ақ құрылысы сыр берген. Желімге отырғызылған керамика тақтайшалары көтеріліп, гранит баспалдақтары сынып қалды. Архитектура келбетінің сиқы кеткен. Ал субұрқақ мүлдем жұмыс істемейді. Қала әкімдігі жұрт серуендейтін жағалауды қайта жөндеуге құны 280 миллион теңге тұратын жаңа жоба әзірлегенімен, бұл ойынан күрт айныған. Себебі бюджеттің миллиондарын жұмсау бос әурешілік екенін енді ғана түсінген сияқты. Себебі, әу баста жердің ерекшелігі ескерілмей, құрылыс материалдары дұрыс қолданылмаған. Енді халық серуендеуі үшін балалардың ойын алаңы, спорт нысандары мен түрлі гүлзары бар бақты жөндеп береміз деп білек сыбанып отыр.

Жолдас Дүйсенғалиев, Орал әкімінің орынбасары:

- Мамандармен, урбанистермен, жобалаушылармен ақылдасып, бұл тыным баққа толық сараптамадан өткен жобасмета құжаттама жасақтау керек деп шештік. Қайта құру. Құны да өте көп болады. Миллиардтан асуы да мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.