Атырау орталығына салынатын химзауытқа экологтар мен мәслихат депутаттары қарсы
Атыраудың қақ ортасында ірі химиялық зауыт салынады. Алайда бұған жергілікті экологтар мен мәслихат депутаттары қарсы. Өйткені Атырау мұнай және газ өңдеу зауытына іргелес салынатын өндіріс кешені тым қауіпті дейді олар.
Автор: Жанат Молдашова
20.06.2023
Жобаны ұсынған компания өкілдерінің айтуынша, кешен жылына 600 мың тонна терефтал қышқылы мен 430 мың тонна полиэтилентерефталат өндіреді екен. Тіпті экологияға айтарлықтай зияны жоқ, керісінше, әлеуметтік әсері тиімді деп сендіруге тырысқан. Алайда экобелсенділер қала ішінен зауыт құрылысын салуға түбегейлі қарсы екенін айтты. Жергілікті депутаттар да қаупі бірінші санатқа жататын кәсіпорынды қаланың ішіне салуға болмайды дейді.
Айбар Ерекешов, Атырау облысы мәслихатының депутаты:
- Зауыт өте қауіпті. Бұл жерде балама нұсқа жоқ. Тіптіке қаланың іші деп тұр. Соның бәрін ескеріп қарайтын болсақ зауыт бірінші санаттағы қаупі бар. Егер ол жарылса, көршісі АНПЗ жарылса, қаланың тең жартысы жоқ болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!