{metadescription}
Алматыдағы көпқабатты үйлерде ағаш қандаласы қаптап кеткен
Алматыдағы көпқабатты үйлерде ағаш қандаласы қаптап кеткен

Алматыдағы көпқабатты үйлерде ағаш қандаласы қаптап кеткен

«Зиянкестермен бірге тұруға мәжбүрміз». Алматыдағы көпқабатты үйлерде ағаш қандаласы қаптап, тұрғындардың мазасын қашырып жатыр. Аптап ыстық пен жауын жоқтығынан жәндік саны тез көбейген. Тұрғындар жергілікті билік пен санитар мамандарына қанша арыздансақ та, еш әрекет жоқ дейді.

Бұл үйлердің тұрғындары бес жылдан бері қандаламен алысып келеді. Зиянкестерге талай құты у да шашқан. Бірақ одан көбеймесе, азаятын түрі жоқ.  Әкімдік пен санэпидемстанция бір шара қолданбаса, баспананы  қандала басады.

Бірнеше метрге дейін ұша алатын жәндіктер пәтер терезесіне сырттағы қарағаштан кеп қонады. Аспаннан жаңбырдай жауған қандала үй тұрмақ, аулада отырғызбайды дейді тұрғындар .

Нұрсұлу Болат:

- Қазір күн ыстықта терезені ашып, бір демалып, үйдің ішін салқындатайық десек, терезенің өзінен де осы қандала кіреді. Тіпті ішіп отырған шайымыздың ішінде, тамақ жеп отырған тарелкамыздың ішінен де табамыз.  Кешке қарай кішкене серуендеп, балашағамен, ата- анамызбен қыдырайық дегеннің өзінде осындай орындықтардың үстінен, ағаштардың үстінен төбемізге жаңбыр жауғандай түседі.

Алматыда екі миллион ағаш бар. Эколог мамандар оның әрқайсысына дезинсекция жасалатынын айтады. Жәндіктердің күрт көбеюін аптап ыстықпен байланыстырды. Алайда алаңдайтындай олардың адам денсаулығына еш қауіпі жоқ дейді.

Нұркен Ақмырза, Алматы экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:

- Қандаланың қатты қаупі жоқ. Ол табиғи нәрсе. Экология басқармасы жасыл желектерге зиян келтіретін зиянкестерге ғана өңдеу жұмысын  жасаймыз, жыл бойы төрт кезеңмен. Жасыл желекке зиян келтіретін зиянкестерге жасалынады.

Экологтардың айтуынша, үйлердің айналасындағы ағаштарды залалсыздандыруға пәтер иелерінің коперативі жауапты. Әкімдік осы жұмысқа «жылда ақша бөліп жатырмыз» дегенмен, қала тұрғындары оның нәтижесін көрмегенін айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.