Футбол: Абат Айымбетов Қазақстан құрамасын екінші орынға көтерді
Футболдан ұлттық құрама Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орынға бір-ақ көтерілді.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
20.06.2023
88 минут бойы теңдей келе жатқан ойынды түбегейлі өзгерткен футболшы – Абат Айымбетов. Мачтың аяқталуына небәрі екі-ақ минут қалғанда қарсыластардың қақпасына күтпеген жерден гол соғып, командасын алға шығарды. Ұлттық құрама осымен үш рет қатарынан жеңіске жетіп отыр. Сәтті ойыннан кейін жалпы 9 ұпай жинап, Н тобының екінші сатысына көтерілді. Енді келесі матчты топ басында тұрған Финляндия командасымен өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!