{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт тәжік азаматы мерт болды
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт тәжік азаматы мерт болды

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт тәжік азаматы мерт болды

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт тәжік азаматы ажал құшты. Тағы төрт шетелдік ауруханада ем алып жатыр.

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының Қобда ауылы маңында болған. Hyundai Starex көлігін тізгіндеген жүргізуші жолда ұйықтап кетіпті. Сол кезде минивэн аударылып, үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы бір балақай ауруханада көз жұмған. Салонда атасы мен әжесі және алты немересі болған. Қазір тізгінде болған азаматтың әйелі мен үш немересі ауруханада жатыр.

Айдос Құлжанов, Ақтөбе облысы жергілікті полиция басқармасының бастығы:

- Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Алдын ала тексеру барасында жүргізушінің көлік құралын шаршаңқы күйде басқарғаны анықталып отыр. Сол себепті барлық жүргізушілерді шаршаған күйде көлікті басқармауға шақырып, жол қозғаласы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде