{metadescription}
Елімізде қос азаматтығы бар 233 адам анықталды
Елімізде қос азаматтығы бар 233 адам анықталды

Елімізде қос азаматтығы бар 233 адам анықталды

Елімізде қос азаматтығы бар 233 адам анықталды. Жақын шетел ғана емес, Үндістан мен Нигериядан қоныс аударғандар да тарихи Отанымен байланысты түбегейлі үзуді қимай жүр екен.  Екі қайықтың басын ұстамақ болғандарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтап, ішкі істер министрлігіне тапсырыпты.

Бұл жыл басынан бергі статистика. Қазір комитет мемлекетіміздің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр. Осы орайда валютаны заңсыз алып өтпек болған 300-ден аса пысықайда анықталып отыр. Жалпы сомасы 2 жарым миллиард теңге. Қару- жарақ пен оқ дәрілерді жасырын өткізуге тырысқан тағы 150-ден аса азаматтың қылмысы әшкереленді. Сондай-ақ Көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде