{metadescription}
Астана жұрты қыста жылусыз қалуы мүмкін
Астана жұрты қыста жылусыз қалуы мүмкін

Астана жұрты қыста жылусыз қалуы мүмкін

Жазда судан әбден тарыққан Астана жұртшылығы, енді қыста жылудан қағылуы мүмкін. Cебебі, мұндағы жылу электр орталығының әбден тозығы жеткен. Жауаптылар қырық жамау құбырлар биыл жылыту маусымына шыдас бермеуі мүмкін деп отыр.

Мәселенің жай-жапсарына энергетика министрі қанық. Тек әзірге шешу жолын нақты ұсына алмады.

Қыс қамына қазірден алаңдап, қай өңірлердің жылусыз қалатынын Жоғарғы аудиторлық палата тізіп шыққан. "Және бұл болжам емес, нақты дерек" дейді бүгін парламентте төбе көрсеткен Наталья Годунова. Аудиторлық палата үш 47 мемлекеттік мекеме мен 44 табиғи монополия субъектісінде үш ай тексеру жүргізген. Оның қорытындысын төрайым энергетика министрінің бетіне басты.

Наталья Годунова, Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы:

- Тексеріс нәтижесінде 3 млрд. теңгеге қаржы бұзушылық, 37 млрд. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 117 млрд теңгеге экономикалық шығын анықталды. Республикалық қазынадан жыл сайын жылу электр орталықтарын жөндеуге миллиондар емес, миллиардтар бөлініп жатыр. Алайда апатты ЖЭС саны азаяр емес.

Мұндай есептен соң, Алмасадам Сәтқалиевке сұрақ қоям деуші депутаттардың санында шек болмады. Бір емес, бірден 40 мәжілісмен сұрақ қою тетігін басты. «Министр болғалы апатты жылу орталықтарына неге бармадыңыз» деп сауалды спикер бастаса, депутат Еділ Жаңбыршин еліміздегі тоз-тозы шыққан 14 жылу орталығының жөндеу жұмысын қалталы азаматтардың мойнына іліп, міндеттеу керек деп отыр.

Еділ Жаңбыршин Мәжіліс депутаты:

- Мынадай ұсыныс. Мүмкін популлизм болып көрінер. Біреулер тағы басқа деп айтуы мүмкін. Бізде «Форбста» 160 миллиардер мен миллионер бар. Соның 20-сын 20 өңірге бөліп беру керек сияқты. «Қанеки, байыдыңдар, енді Үкіметке көмектесіңдер» деп.

Энергетика министрлігіне қарасты 500 кәсіпорын да жылдың қарапайым ғана дайындық құжаттарын өткізбепті. Яғни 2020 жылдан бастап қай жылыту орталығының дайындығы қандай дейгейде екені туралы мүлдем мәлімет жоқ.

Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:

- Жыл сайын 500 кәсіпорын дайындық паспортын алуға өтінім берді дейді. Қалай болды сонда бұл? Осы жерде заңды сұрақ, құрметті Алмасадам Майданұлы, сіздер қалай жұмыс істеп отырсыздар? Неге осылай жұмыс істеп отырсыздар? Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Екібастұздағы апат биыл қыста елордада айна-қатесіз қайталануы мүмкін. Себебі: ескісі әбден көнерген. Ал жаңасының құрылысы бітер емес. Жаңасы деуге де келмейтін шығар, себебі құрылыстың жүріп жатқанына 14 жыл болған.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Астанадағы №3 жылу электр орталығының салынып жатқанына 14 жыл болған. Ол шындық. Бірақ жылыту маусымында ешқандай оқыс жағдай болмас үшін барымызды салып жатырмыз.

 «Дайындығыңыз өте нашар» деген баға алған Алмасадам Сәтқалиев келесі айдан бастап Семей, Павлодар, Жезқазған, Петропавлдағы жылыту орталықтарына баратын болды. Ондағы жағдайды өз көзіммен көріп, төрт айдан кейін берілетін жылыту маусымына дайындықты пысықтаймын деді министр.

Ал бастапқыда 86 млрд, одан кейін қазынадан тағы 122 млрд теңге бөлінген Астанадағы №3 жылу электр орталығының қашан салынып бітетіндігі әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.