{metadescription}
Халықаралық волонтёрлер форумына 30-дан аса мемлекет өкілі жиналды
Халықаралық волонтёрлер форумына 30-дан аса мемлекет өкілі жиналды

Халықаралық волонтёрлер форумына 30-дан аса мемлекет өкілі жиналды

"Тектегі ізгілікті оят!" Дәл осындай ұранмен Астанада халықаралық волонтёрлер форумы өтіп жатыр. Екі күнге созылған шараға 30-дан аса мемлекеттің өкілі мен елдің әр түкпірінен келген делегаттар жиналды. Мақсаты - халықаралық волонтерлікті дамытып, өзара тәжірибе алмасу, берік байланыс орнату.

Ірі диалог алаңында еріктілер төтенше жағдай кездерінде қандай қиыншылықтарға тап болатынын айтып, мәселелерді жою жолдарын талқылап, пікір алмасты. Форумның ашылуына қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев, волонтерлікті дамытудың жаңа жол картасын жасауды тапсырды.

Ерікті болу ермек емес, еңбек hәм ерлікке парапар қызметке ниет танытқандар қатары күннен-күнге толығып келеді. Соңғы үш жылдың өзінде волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге өскен. Бүгінде волонтерлік ұйым 680-ге жуықтап, 200 мыңнан астам ерікті бар.

Волонтер болу, ең алдымен отаншылдықтың жарқын көрінісі деп бастады, сөз басын президент. Осыдан үш жыл бұрын еріктілер жылында біраз шаруа атқарылғанын тілге тиек еткен мемлекет басшысы, волонтерлер қоғамда айрықша рөлге ие екенін жеткізді. Олардың табанды жұмыстарына жоғары бағасын беріп, осы саладағы барлық бастаманы қолдайтынын айтты. Бұл бағытта волонтерлікті дамытудың жаңа жол картасы жасалады. Құжат бұл салаға серпін беріп, оның келер жылдарға бағытын айқындауы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Еріктілік пен қайырымдылық ісін есепке алатын жүйені кезеңкезеңімен енгізу қажет. Бұл бастама волонтерлік қозғалысты ынталандыру үшін заңнамалық деңгейде тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Сондайақ, волонтерлік және қайырымдылық істерді институттық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Саладағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аудару қажет.

Елімізде болған түрлі апатта өміріне қанша жерден қауіп төнсе де, еріктілер көмекке келеді. Сол себепті олар бірінші кезекте сақтандыруды қажет етіп отыр. Кепілдік заңмен бекітіліп, мемлекет тарапынан қорғау қолға алынса деген тілегін жеткізді еріктілер желісінің төрайымы.

Вера Ким, Ұлттық еріктілер желісінің төрайымы:

- Мемлекеттік сақтандыру жоқ. Біз еріктілеріміздің орталық атқарушы органмен жұмыс істеп, тиісті оқыту курстарынан өтіп, практикалық дағдыларды меңгеріп, сертификат алғанын қалаймыз. Егер осы емтихандардан сүрінбей өтсе, апат салдарын жоюға қатыса алады. Сосын мемлекет тарапынан тиісті сақтандыру алу құқығына ие болады.

Сондай-ақ еріктілерді алаңдатып отырған тағы бір мәселе: әлі күнге дейін тұрақты жиналып тұратын офистер мен қажетті құрал, жиналған жүкті сақтайтын қойма жоқ. Сол себепті жергілікті әкімдіктерден қолдау тетігі қарастырылса дейді. Ал ауыл жастары мегаполистегі ауқымды жобаларға жете алмай, көбіне тасада қаламыз деп қапалы.

Дәурен Рақымбек, волонтер:

- Республикалық деңгейде жүзеге асып жатқан жобалар көбіне көп ауылдарға жетпей жатады. Мысалы, кішігірім грантты ауыл жастары кеш алады немесе мүлде жетпей жатады. Ақпараттық жағынан кішкене кедергілер бар. Жастар бүгінгі күшқуаты бар креативті өз үлесін қосқысы келеді.

Үлесін қосқысы келетін еріктілерге енді 250 шағын грант берілмек. Әр гранттың сомасы 1 миллион теңге. Олардың басым көпшілігі ауылды жердегі волонтерлік ұйымдарды қолдауға бағытталған көрінеді. Тағы бір жағымды жаңалық - жауапты жұмыс, сауапты іспен айналысып жүрген еріктілердің мәртебесі мен еңбек өтілі жұмысқа орналасарда есепке алынатын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде