{metadescription}
Елімізде Италияның бағасына сапасы сай өнімдері сатылатын болады
Елімізде Италияның бағасына сапасы сай өнімдері сатылатын болады

Елімізде Италияның бағасына сапасы сай өнімдері сатылатын болады

Бағасы сапасына сай. Елімізге жақында Италияның тағы да жаңа өнімдері жеткізіледі. Иіс судан бастап, косметиканың бұрын-соңды қазақстандық қыз-келіншектер көрмеген жаңа түрлері сатылады.

Әрине, құны да әдеттегідей қымбатырақ. Дегенмен сұлулық та инвестиция талап етеді деген италиялық өндірушілер бүгін Алматыда бизнес-форум өткізіп жатыр. Іс-шара биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылған. 

Жиынның мақсаты  – Италия мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықты нығайтып, өнімдерін еліміздің нарығына шығару. Аталған мемлекеттің бұған дейін де біз қолданатын киім-кешегімен қоса, иіс сулары мен косметикалары жетерлік.

Бүгінгі жәрмеңкеге арнайы келген 20-дан аса италиялық кәсіпкер жаңа өнімдерін соның жалғасы ретінде елімізге әкелуге ниетті. Айтуларынша, италиялық өнім халықаралық нарықта сапа, қауіпсіздік, инновация және жоғары стандарттарымен ерекшеленеді. Сол себепті оларға деген сұраныс ешқашан тоқтаған емес. Мәселен, дүниежүзінде тұтынылатын күтімге арналған косметиканың 55 пайызын осы италиялық фирмалар өндіреді екен. Үш күнге созылатын іс-шарада отандық кәсіпкерлер өзі ұнатқан бьюти өндірушімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндігі бар. Жаңа серіктес тауып, ынтымақтастық құра алады.

Фабио Франкина, Италия салалық компаниялар қауымдастығының вице-президенті:

- Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұтынушылар жеке күтімге ерекше көңіл бөледі. Бұл жоғары сапалы косметикаға сұраныстың артуына себеп болып отыр. Мысалы, 2022 жылы италиялық косметиканың Орталық Азияға экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 24,9 пайызға өсті. Қазақстанды ғана есепке алатын болсақ, мұнда өсім 40,7 пайызға жетті. Бұл таңғаларлық дүние емес. «Мade in Italy» косметикасы жоғары сапа мен өндірушілердің инновацияға деген ұмтылысының арқасында танымал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.