{metadescription}
Сенат электрсамокат жүргізу туралы заң жобасын қабылдады
Сенат электрсамокат жүргізу туралы заң жобасын қабылдады

Сенат электрсамокат жүргізу туралы заң жобасын қабылдады

Сенат электрсамокат жүргізу туралы заң жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, енді ондай көлік түрін жүргізуші 18 жасқа толған әрі кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.   

Түймеленген шлем киюі шарт, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық жағылыстыратын зат болуы керек. Бұл шарттар ескерілсе, жолдың оң жағымен сағатына 25 шақырымға дейін жүруге рұқсат. Ал жаяу жүргіншілер мен велосипедке арналған жолдарда электрсамокат жылдамдығы сағатына 6 километрден аспауы шарт. Жалға берілетін самокаттың жылдамдығын кершеринг компания арқылы анықтауға болса, жекелей адамдар сатып алғанның жылдамдығын тәртіп сақшылары бақылай алмаймыз деп мойындап отыр.

Қайсар Сұлтанбаев, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Расында да оны бақылау техникалық тұрғыдан полиция тарапынан  бақылау мүмкін емес. Ондай техникалық мүмкіндігіміз жоқ. Жол апаты болған жағдайда біз ол жерде арнайы сараптамалар жүргіземіз. Сол сараптамалар арқылы самокат жылдамдығының қанша болғанын айқындауға мүмкіндігіміз бар.

Ереже бұзған электрсамокат жүргізушісі 16 мың теңгедей айыппұл төлуге міндеттеледі. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті. жүргізуші құжатын және номір белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.

Жалпы жыл басынан бері елімізде электрсамокатқа қатысты 10 жол апаты тіркеліп, бір адам қаза болған. Осылайша біраздан бері қоғамда да қызу талқыланған заңды Парламент қабылдап, президенттің қол қоюына жіберіп отыр. Жарты жылда, заңда олқы тұстар анықталса, нормалар қайта қаралуы мүмкін.

Амангелді Толамисов, Сенат депутаты:

- Заңды толығымен шикі деп айтуға болмайды. Бұл қоғамда алғашқы практика болғаннан кейін, қазір оны әрі қарай жетілдіру жүреді. Бірақ ең бірінші мақұлданып жатқан заң негізінде, қазір бұны практикаға кіргізіп, әрі қарай практикада, нақты өмірде, жолда оның қандай кемшіліктері болатынын анықтап, заңды өзгерістер мен толықтырулар арқылы жетілдіруге болады. Толықтыру уақыт талабы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде