Алматыда тәнін саудалап жүрген қыздар ұсталды
Алматыда тәнін саудалап жүрген қыздар ұсталды. Бұл жолы полицейлер түнгі көбелектердің ордасына айналған шаһардағы бес орынды анықтады – көңіл көтеретін орындар, монша кешендері, қонақ үйлер.
Автор: Салтанат Шырынхан
22.06.2023
Жеке зәулім үй. Күні-түні «тер төккен түнгі көбелектер» бұл жерде қалталы азаматтарға қызмет көрсететін сыңайлы. Өйткені таңдаған ғимараттары да осал емес. Ішінде массаждың түр-түрі жасалып, ішімдік ішіп, көңіл-көтеруге арналған барлық жағдай қарастырылған. Тәнін саудалап жүрген қыздардың көбісі өрімдей жас. 18-25 жастағы бойжеткендер ата-анасы, туысқаны түрін көрмесін деп, бетін тұмшалап әлек. Олар оңтүстік астанаға әр өңірден келген. Жеңіл жүрісті қыздар арнайы тізімге алынады. Әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл төлеумен ғана шектеледі. Ал оларға клиент тауып, жын-ойнақ ұйымдастырғандар қылмыстық жауапқа тартылады.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
- Жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондайақ адам саудасына қатысты басқа да заңбұзушылықтар республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталған. Алматы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілген. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, жыныстық қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!