Павлодар жолын жөндеуге қаржы бөлген фирма әкімдікті жеңіп шықты
Павлодардың жолын жөндеуге 300 миллион теңгесін жұмсаған астаналық фирма ақыры әкімдікті жеңіп шықты. Бүгін сот құрылысты қабылдау актісін заңды деп тауып, шенеуніктердің талап-аразын қараудан бас тартты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
22.06.2023
«Жұмыс қабылдау актісі заңсыз» деген әкімдік былтырдан бері компанияның 304 миллион теңгесін төлемей жүр. Partners Realty серіктестігі Павлодардағы төрт шақырым жолды ағымдағы жөндеуден өткізген. «Шенеуніктер соның ақысын бергісі келмей, қасарысып келеді», - дейді мердігер. Тіпті бақыр тиын ұстатпаймыз деген пиғылмен сотқа да жүгінген. Алайда судья бұл істі қараудан бас тартты. Соған қарамастан құрылыс компаниясы қомақты ақшасын әлі ала алмай отыр. Өйткені жол салған серіктестік бұған дейін «жауапсыз» деп танылған. Сол қара тізімнен шығу үшін компания апелляциялық сотқа шағымданған. Алайда судья бұған дейінгі шешімді өзгеріссіз қалдырды. Өз қаражатына жол салған компания енді ақшасы мен беделін қорғау үшін Жоғарғы сотқа шағым түсірмекші.
Мұрат Адам, қорғаушы:
- Жағдайдың қалай боларын түсінбей тұрмын. Экономикалық соттың компанияны жауапсыз тапқан шешімі бар. Ол жерде жұмысты қабылдау актісі бойынша бір жақты шешімнің жоғын алға тарқан. Ал бүгін судья бұл бойынша талапарызды қарудан бас тартты. Сонда қалай болғаны? Біз фирманы қара тізімнен шығару үшін Жоғарғы сотқа шағымданамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!