{metadescription}
Жетісу облысында суармалы жерді жаңғырту жарты жолдан тоқтап қалған
Жетісу облысында суармалы жерді жаңғырту жарты жолдан тоқтап қалған

Жетісу облысында суармалы жерді жаңғырту жарты жолдан тоқтап қалған

Жетісу облысының шаруалары алқаптың тең жартысы күйіп кете ме деп қорқып жүр. Өйткені өңірде ирригация жүйесі жүргізілгенімен, толық аяқталмаған. Яғни су жүретін арықтарға бетон науа үш жылдан бері қойылмай келеді.

Соның салдарынан алқаптарға жетуі керек ылғал жан-жаққа ағып, қалғаны жерге сіңіп кетіп жатыр дейді. Облыстағы суармалы жерлерді қайта жаңарту жұмысы неге жарты жолдан тоқтап қалды? 

Астаң-кесеңі шыққан жер. Жолда су жайылып жатыр. Тіршілік нәрі ысырап болды деп шаруалардың шырылдап жүргеніне бірнеше жыл болды. Бәрі бірдей жүгері, соя, қылша егіп, күнелтеді. Бірақ жартысы жерге сіңіп, жартысы айналаға ағып жатқан судан өнім көлемі жылдан-жылға азайып жатыр дейді. Тіпті кейбірі сап-сары болып күйіп кеткен. 

Хасенқазы Есімов, шаруа қожалығының басшысы:

- Бәлембай мөлшер жібердік дейді. Ал, бізге сол судың мөлшері келмейді. Жолда арықтың кесірінен жолдың бәрін су басқан. Науа  болғанда су үнемделетін еді.

Бетон науа жоқ емес. Арықтың дәл жанында тап-тұйнақтай дайын тұр. Бірақ  дәл осылай жатқанына үш жыл болыпты. Сонау 2020 жылы дәл осы алқаптарға ирригация жүргізілсе де, аяқталмай жатып жарты жолдан тоқтап қалғанына наразы. Соның салдарынан бақандай 300 гектар алқабы бар 15 шаруа аталмыш мәселеге тап болды дейді. 

Сергей Панин, шаруа қожалығының басшысы:

- Көктемде суға батамыз, жазда суға жарымаймыз. Судың 30 пайызы жерге сіңіп кетіп жатыр. Арықтар тазаланбайды, бітеліп жатыр. Бұл мәселе бетон науа қойылса ғана шешіледі. Ал олардың жатқанына үш жыл болды. Мердігер берілген қаражатты толық игердік деп отыр.

Мердігер қаражатты толықтай игергенімен, бетон науа қоюға мемлекеттен бөлінген ақша жетпей қалған көрінеді. 113 шақырымға созылған суармалы жерлерді қайта құру жұмысына 1 жарым миллиард теңге бөлініпті. Әкімдіктегілер сол қаражатқа жұмыстың тек 60 пайызын ғана жасай алдық деп отыр.

Айбек Нұржанов, Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Бастапқыда бұл жобаның құны 56 миллиард болу керек болған. Бірақ Алматы облысының құрылыс басқармасы жоба құнын қысқартып тастаған. 1 миллиард 583 миллионға шыққан. Құрылыс-монтаж жұмысына. Сөйтіп шаруа қожалықтарының алқаптары кірмей қалған.

Кінәнің бәрін өзгеге артқан атқамінер енді жұмысты аяқтауға тағы 2 миллиард 209 миллион теңге қажет деп отыр. Қаражат уақытында бөлінсе, аталмыш мәселе келесі жылы шешіледі деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде