{metadescription}
«Баспана», «Шаңырақ» шарттары жеңілдетілмейді
«Баспана», «Шаңырақ» шарттары жеңілдетілмейді

«Баспана», «Шаңырақ» шарттары жеңілдетілмейді

«Баспана» мен «Шаңырақ» бағдарламасының шарттары жеңілдетілмейтін болды. Бұған дейін бір топ мәжілісмен премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған.

Көпбалалы аналар, мүгедектер мен толық емес отбасыларға арналған ипотекалық бағдарламаның шарттарын жеңілдету тетіктері ұсынылған еді. Себебі мұндай бағдарламадан үмітті жандар үйдің бастапқы 10 пайыз жарнасын төлеуге қауқарсыз. Одан қалса, тұрғылықты жері бойынша тіркеуде кемі бес жыл тұруы тиіс. Ең қызығы, бұл бағдарламамен баспаналы болғысы келгендердің несие тарихы да тап-таза болуы ең басты талаптардың бірі.

 Осындай қиын шарттарды жеңілдету бойынша депутаттардың бастамасын Үкімет қолдаған жоқ. Дегенмен олар алдағы уақытта да көмекке мұқтаж отбасылар мәселесін мәжіліс мінберінде көтереміз деп отыр.

Гауһар Танашева, Мәжіліс депутаты:

- Көпбалалы отбасына, мүмкіндігі шектеулі отбасына үй тегін берілуі керек. Ол менің ойым. Мемлекет сондай көмек көрсету қажет. Қиын жағдайда тұрып жатқан адамдарымыз қаншама, отбасымен тентіреп жүр, үйсізкүйсіз. Олардың бәрі ипотека алуды армандайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде