{metadescription}
Балқаш эко-белсенділері: Қоқыс тастағандарға айыппұл салу керек
Балқаш эко-белсенділері: Қоқыс тастағандарға айыппұл салу керек

Балқаш эко-белсенділері: Қоқыс тастағандарға айыппұл салу керек

Балқаш қаласының эко-белсенділері қоқыс тастағандарды ескертусіз жазаға тартуды талап етіп отыр. Себебі жағалауды мұнтаздай таза қылу үшін ескерту емес, бірден айыппұл салу керек дейді. 

Балқашта шомылу маусымы басталғалы әр бейсенбі сайын тазалық шарасы жүргізіледі. Бірақ қоқыс арнайы контейнерде емес, маңайында шашылып жатыр. Оны жасыл ел отрядтары, белсенділер және коммуналдық қызмет жинайды. Бірақ жағажайлар сонда да қоқысқа көміліп жатыр. Демалыс орындары орналасқан жерлер тіпті лас. Кәсіпкерлер аумағындағы қоқысты жинап алып, басқа жерге төге салады. Ол желмен ұшып жағажайды былғап жатыр. Белсенділердің айтуынша, жан-жағын ластайтындар әсіресе жергілікті тұрғындар. «Айтып та, жазып та мезі болдық, сондықтан ескерту беріп есіркеудің жөні жоқ»» - дейді эко-белсенділер.

Анар Адамбекова, эко-белсенді :

- Біз қазір бұл бапты қатаңдатып, ескертуді алып тастап, бірден айыппұл салуды сұрап хат жолдадық. Үш коммуналдық жағажайды тазалаймыз. Шыны керек, шаршадық. Жазалау шарасы қажет. Әр бейсенбі сайын 25 қап қоқыс шығарамыз. Бұл қайталана береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде