{metadescription}
Жаңа автобан Тораңғылық демалыс орындарын табыссыз қалдырған
Жаңа автобан Тораңғылық демалыс орындарын табыссыз қалдырған

Жаңа автобан Тораңғылық демалыс орындарын табыссыз қалдырған

Жаңа салынып жатқан Астана-Алматы автобаны Тораңғылық ауылындағы демалыс орындарын табыссыз қалдырды. Күре жолдың бойындағы ауылға демалушылар енді бара аламайды. Өйткені жоба бойынша бұрылыс салынбаған.

Сондықтан биыл саяхатшылар мен табыстан қағылған кәсіпкерлер автобаннан ауылға қарай қатынайтын жол жасауды мақсат етуде. Болмаса, жолды жауып тастауға бекініп отыр. Бос қалған жағажайларды КТК тілшісі көріп қайтты.

Тораңғылық ауылында жылда осы мезгілде адам қарасы көбейіп, сән-салтанаты кіретін еді. Қазір қонақүйлердің бөлмелері қаңырап бос тұр. Демалыс орны қожайындары құжынаған халық түгілі, сырттан өткен салт аттыға сүзіле қарайтын болған.

Туристердің Тораңғылыққа тоқтамай кетіп жатқаны кәсіпкерлердің жүйкесін әбден тоздырған. Күн өткен сайын шығынға батып барады. Өйткені бұлар жазға дайындықтарын жасап шығындалған. Автобан туристерді арттырады деп қуанғандар бұл жобаның бизнесті құрдымға жібергелі тұрғанын енді біліп жатыр.

Қуаныш Жомартов, кәсіпкер:

- Тораңғылықтың тұсына жақындағанда 300 метрден кейін бұрылыс деген белгі бар, ал іс жүзінде ол жоқ. Президенттің туризмді дамыту деген бағдардамасы бар ғой. Бірақ біздің туризм дамымақ түгілі, тығырыққа тірелді. Жаз маусымына көп шығындалып дайындаламыз, көбіміз несие аламыз. Ал бұл маусым екі ай ішінде аяқталады

Роза Біләлованың қонақүйіндегі бөлмелер де бос тұр. Кәсіпкер биыл жазда аптап ыстық болатынын ғаламтордан оқыдым дейді. Сондықтан туристердің былтырғыдан көп болатынын топшылапты. Бөлмелердің қабырғасы мен есіктерін бояп, қала берді жатын орын жабдықтарын да толық жаңартыпты. Бірақ маусым ашылғалы  мұнда ешкім аяқ аттап баспаған. 

Роза Біләлова, кәсіпкер:

- Мұнда басқа жұмыс жоқ. Әкімдік пен мектепте біренсаран жұмыс істейді. Осы маусымда жұмыс істеп қор жинағаны қысқа қамданып, бала-шағасын мектепке дайындайтын. Биыл одан да қағылып, қорқып отырғандар көп.   

Тораңғылықа кіру үшін демалушылар 15 шықырым жерді айналып келуі керек. Бірақ онсыз да алыстан ат арытқандар жолсызбен Тораңғылықты іздегенше, жолдағы басқа демалыс аумағына тоқтай салады.

Қарағанды-Балқаш автобаны құрылысы  2019 жылы басталған. Жол салушылардың мәліметінше, жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Сондықтан ірі жобаға қандай да бір өзгеріс енгізу мүмкін емес екен. Бірақ уақытша шешімі бар көрінеді.   

Нұртілек Хасенов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі:

- Бірден айтайын, бұл уақытша қабылданып жатқан шара. Бізге екі күн қажет, екі жолақты жолдың Балқаш жақтан келе жатқандағы оң жағын ғана қалдырамыз да, сол жағын жабамыз. Оған біз қауіпсіздік қамтамасыз етіп белгілер қоюға екі күн керек. Сіздер білесіздер, автобанда қауіпсіздік бірінші орында. Бұл тек сіздердің талаптарыңызды орындау үшін уақытша шара.

Мамандар бірінші санаттағы автобан болған соң, онда көп бұрылыс қарастырылмайды дейді. Сондықтан оның бүйірінен Тораңғылыққа жол шығар деген талап орынсыз. Бірақ олар Балқаш қаласы мен демалыс орны бар ауыл арасындағы жеті шақырым жолға асфальт төсеу мәселесін осы бастан қолға аламыз деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде