{metadescription}
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа бүгін cот үкімі шықты. «Астекс», «Мудараба капитал» қаржы пирамидаларын құрған вайнерлер бес жылдан жаза арқалады. Жазасын қоныс колониясында өтеуге тиіс.

200-ге жуық адамды сан соқтырып кеткен өзге 9 айыпталушыға 8 бен 14 жыл аралығында жаза кесілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған Алмас Құрманғалиев 14 жылға, оның көмекшісі Дания Рахымова 12 жылға, «Астекс» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Ерлан Мансұров 9 жылға бас бостандығынан айырылса, «Мудараба капиталдың» басшысы Руслан Бурканов 12 жылын түрмеде өтейтін болады.

Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері салымшылардан түскен қыруар қаражатты мейрамхана, көлік, шұжық шығаратын цех алуға және тағы да басқа бизнеске жұмсаған. Жалпы келтірілген шығын 5 миллиард теңгеден асады. Ал шетел асып кеткен Әділет Ораз бен тағы бір вайнер Әзизжан Саидбаев әлі халықаралық іздеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.