{metadescription}
Қазығұрттағы мектепке бәз біреулер көз тігіп отыр ма?
Қазығұрттағы мектепке бәз біреулер көз тігіп отыр ма?

Қазығұрттағы мектепке бәз біреулер көз тігіп отыр ма?

Түркістан облысында мұғалімдер мен ата-аналар мектеп ғимаратын күндіз-түні күзетуге мәжбүр. Себебі: Қазығұрт ауданындағы Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп апатты деп танылған. Сот ескі нысанды бұзу туралы шешім де шығарған. Алайда ұстаздар мен ата-аналар ауыл ортасындағы жерге бәз біреулер көз тігіп отыр дейді.

Мектептің ескі ғимараты орналасқан аумақты жекеменшікке беру керектігін ауданның білім бөлімі мен әкімдік біраз жылдан бері ашық айтып жүр екен. Бұл жолы да шенеуніктер ауыл тұрғындарына құжаттарын көрсетпекші болған. Алайда ашулы ата-ана атқамінерлердің әкелген қағаздарын жыртып тастады.

Оқушылар жазғы демалысқа шықса да, Қаныш Сәтпаев мектебін бірнеше күннен бері мұғалімдер мен ата-аналар күзетіп жүр. Себебі мектепті бұзу туралы шешім шығып, сот орындаушылары сүріп тастауға келген. Бірақ ауыл халқы оларды қуып шығыпты. Себебі ескі ғимараттың қабырғасы мықты дегендер мектепті бұзуға жол бермейміз деп отыр.

Бағила Сұлтанова, Қ.Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі:

- Мынаның бәрін жұлыпжұлып алып кеткен. Біз келдік, тоқтаттық, көшпейміз дедік. Қайда барамыз, қайда сияды мынаның бәрі? Еш жаққа сыймайды. Барлық нәрсені алып кеткен.

Қазығұрт ауданының орталығындағы мектептің бірнеше корпусы болған. Бірақ көбі жекеменшікке өтіп кетті дейді ауыл тұрғындары. Қазіргі «ғимаратты босату керек» деп әкім мен білім бөлімінің басшысы мектеп ұжымына талай ескертіпті. Сондықтан «мектеп апатты жағдайда» деген желеумен оны да әдейі бұзбақшы дейді жиналғандар.

Әлия Назипова:

- Осыны бұзып, орнына жаңа мектеп саламыз деді. Қыркүйекте келсек, басқа әңгіме айтып отыр.» Прокуратура тексеріп жатыр», «экономикалық сот тексеріп жатыр», өйтіңдербүйтіңдер, босатыңдар дейді.  Жақсы жер, менде күдік бар, бұл мектеп сатылып кеткен деп ойлаймын.

Әу баста «ескі мектеп бұзылмайды» депті шенеуніктер. Сол себепті мұғалімдер өз қаржысына ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ сөзінде тұрмаған шенеуніктер нысанды босату туралы құжатты әкелгенде, ашулы ата-ананың бірі қолындағы қағаздарды жұлып алып жыртып тастады.

Бұл мектеп бұзылса, 40 мұғалім мен 300-ге жуық оқушы далада қалады. Ал ең жақын мектеп бірнеше жақырым жерде орналасқан. Бірақ оның өзіне оқушы симайды.

Әлия Егізек, Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Біз қазір жоспарлап отырғанымыз, мектептегі музейді босатамыз, өзінөзі тану кабинетін босатамыз. Әдістеме кабинетін де босатамыз, жас туристтер орталығы деген болған, қазір басқармаға өтіп кеткен, соны босатамыз. Және бөлек-бөлек отырған оқу ісі орынбасарларының кабинетін, мектептегі штаттық қызметкерлер кабинетін береміз деген жоспар бар.

300-ге тарта оқушы келуге тиіс мектептің сыйқы да жетісіп тұрған жоқ. 1200 орындық білім ошағында екі мың бала оқып жатыр. Бұл ғимараттың да  төбесі ойылып, қабырғалары қақырап тұр. Сондықтан ата-аналар бұл мектепке баламызды оқытпаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.