{metadescription}
Алматыда мопедпен жол апатына ұшырау күрт артқан
Алматыда мопедпен жол апатына ұшырау күрт артқан

Алматыда мопедпен жол апатына ұшырау күрт артқан

Алматыда мопедтің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы күрт артты. Соңғы бес айда қос дөңгелекті құралды тізгіндегендердің 150-і түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Дәрігерлер статистиканың жылдам артып бара жатқанына алаңдап отыр.

Елдар Кұрмаев, Алматы  №7 ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Жетінші ауруханаға ай сайын мопедтің қатысуымен болған жолкөлік апатына түсіп, жарақат алған 20-30 адам келіп түседі. Үш санатқа бөлсек болады. Біріншісі, мопед айдайтындар, екіншілері жаяу жүргіншілер, үшіншілері көлік тізгіндегендер. Жарақаттары әр түрлі. Бірінің басына зақым келсе, енді бірінің аяқ-қолы сынып ауруханаға жеткізіледі.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мопедтің кесірінен жарақат алғандардың қарасы былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Соңғы бес айдың өзінде 150 адамдәрігерлердің көмегіне жүгінген. Солардың бірі Аман Асқар. Айтуынша, өз жолағынан бұрыламын дегенде автобус қағып кеткен.

Аман Асқар:

- Басыма бе сағат ота жасады. Бұл аяқ астынан болған жағдай. Өзім мопедист достарыма айтайын дегенім,жолда абай болыңыздар. Бұған дейін көп сәт болды. Сол себепті алғысым шексіз, өмірімді құтқарып қалған дәрігерлерге!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.