{metadescription}
Баланың әлемжеліге кіруін шектеу сарапшылар сынына ұшырады
Баланың әлемжеліге кіруін шектеу сарапшылар сынына ұшырады

Баланың әлемжеліге кіруін шектеу сарапшылар сынына ұшырады

Балаларды әлеуметтік желіге кіруге шектеу қою жобасы сарапшылар сынына ұшырады. ІТ мамандары кәмелеткке толмаған жеткіншектердің парақшасын бақылауда ұстау оңай шаруа емес дейді. Жасөспірімдер басқа атаумен аккаунт ашып, басқа да түрлі амалға баруы да мүмкін.

Оқу-ағарту министрлігі дайындаған құжат бойынша балалар Тик-Ток, Инстаграм және Вконтакте-ге тек ата-анасының рұқсатымен тіркеле алады. Бұл шектеу оқушыларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу мақсатында жүзеге асырылмақ. Сонымен, мұндай шектеу енгізу мүмкін бе? Мүмкін болса, жолы оның қандай?

Тоғыз жасар Жаңыл Тик-Ток, Инстаграм мен Ю-тубтың белсенді қолданушысы. Өз парақшасы да бар. Әлеуметтік желіден үшінші сыныптың оқушысы құрбыларын бақылап, анимацияға қатысты қызықты видеоларды қалт жібермей қарайды.

Жаңыл Заманбек:

- Ютубта мен сурет салып, пазл жинайтын қызды көремін. Ал Инстаграмда құрбыларымды қараймын. Сосын түрлі туториал түсіретін қыздың видеолары қызық. Маған анимация видеолар қатты ұнайды. Бірақ мен телефонда көп отырмаймын.

Жаңылдың смартфондағы әр қадамын әпкесі қашықтан қадағалап отырады. Себебі, оқушының телефонына «ата-аналық бақылау» жүйесі орнатылған. Соның көмегімен балаға белгілі бір сайттарға кіруге, жаңа қосымшаларды жүктеуге тыйым салуға және гаджетті қолдану уақытын шектеуге болады.

Әмина Мұратова:

- Ол қосымша, ойын жүктегісі келсе, бізге автоматты түрде СМС келеді және де өшіп қалады. Мәселен, бір сағат өтеді, айдың суреті шығып тұрады, баламм кіре алмайды. Менің телефонымда сіңлімнің аккаунттары бар, анамда да бар. Мен бақылап отырамын. Баяғыда «Синий кит» сияқты жаман ойындар болған және балаларды алдайтындардан аулақ ұстаған дұрыс деп ойлаймын. 

Бірақ еліміздегі ата-ананың бәрі балаларының әлеуметтік желіде не көріп, не оқып отырғанынан хабардар деуге келмейді. Себебі, көбі жұмысбасты. Соның салдарынан жасөспірімдер жиі кибербуллингке ұшырап жатады. Өкінішке қарай, ғаламтордағы белгісіз топтардың қысымына шыдай алмай суицидке баратын жеткіншектер де аз емес.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында оқу-ағарту министрлігі кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қоймақ.

Жолдас Батырхан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Балалар әлеуметтік желіге тіркелер кезде атаанасының келісімімен тіркелсе деген ұсынысымыз бар. Балаларға зиян әкелетін ақпараттан қорғайтын, балаларға арналған Сим-карта енгізуді ұсынып отырмыз осы жобада. Әлеуметтік желідегі  уақытын шектегіміз келеді.  Балаға пайдалы, дамуына әсер ететін пайдалы ақпараттардың бар екенін біз жоққа шығармаймыз. Бірақ зиянды ақпараттардан оны қорғау алу керекпіз деп ойлаймыз. 

Бірақ ІТ маманы Бек Сарбасов жеткіншектердің парақшасын ұдайы бақылауда ұстау оңай шаруа емес дейді. Өйткені жасөспірімдер амалын тауып, басқа атаумен екі-үш аккаунт ашып алуы мүмкін.

Оған қоса шетелдік платформаның дені 14 жасқа дейінгі балаларға ғана шектеу қояды. 

Бек Сарбасов, ІТ маманы:

- Әлеуметтік желі компанияларының өздерінің қазіргі шектеулері Фейсбук, Инстаграмды алсақ, 14 жастан бастап болады. Біз жақ шектегенімен, әлеуметтік желі жақтан ондай шектеу жоқ болғандықтан ,біздің шектеулер жұмыс жасамауы мүмкін.18 жастағы шектеу қиын мәселе болады деп ойлаймын. Кіріп кеткен соң мүмкін емес. Біздің министрлер шетелдегі министрлермен келісіп жасау керек, бұл нәрсені. Бірден шектеу қоюға келеді деп ойламаймын. 

 «Бала қорғау» жобасын қазір үш бірдей министрлік пысықтап жатыр. Жаңа ереже 2025 жылы енгізіледі деп жоспарланған. Осы құжатты әзірлеген ведомство өкілдері қоғам мен сарапшылардің пікірі мен ұсынысы ескерілетінін жеткізді. Олар басты мақсатымыз желіге жабысып, уақытын текке өткізетін жеткіншектердің санын азайту деп отыр. Сондай-ақ ғаламтордан келетін қауіп-қатерге заңмен тосқауыл қою және балаларды қорғау көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде