{metadescription}
«Қазақ» газетінің жарыққа шықққанына 110 жыл толды
«Қазақ» газетінің жарыққа шықққанына 110 жыл толды

«Қазақ» газетінің жарыққа шықққанына 110 жыл толды

«Қазақ» газетінің жарыққа шықққанына биыл 110 жыл. Осыған орай Алматыда ғалымдар мен зерттеушілер жиналып, қазақтың көзі, құлағы, һәм тілі болған басылымның тарихын тағы бір зерделеді.

XX ғасырдың басында Алаш арыстары құрған газеттің 1913-1918 жылдары аралығында 8 мыңға жуық тиражы тараған. Басылымда жарияланған құнды мақалалар аударылып, бірнеше жыл бұрын кітап болып басылды. Бірақ газеттің табылмаған сандары әлі да бар.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастауымен жарыққа шыққан газеттің мақсаты халықтың санасын оятып, ұлттық бірлікке шақыру, білім мен ғылымға үндеу. Қиын-қыстау кезеңдердің өзінде газет ең өзекті де өткір мәсеселерді қаузап, тұтас бір халықтың бағыты мен бағдарын айқындады. Басылым бетінде жарияланған сан түрлі саладағы тақырыптар әлі де зерттеуді қажет етеді дейді ғалымдар.

Светлана Смағұлова, тарих ғылымдарының докторы:

- Қазаққа жол сілтеуші, ұлтқа үн қосушы, тәуелсіздік жолына бастаушы бірден бір басылым деп айта аламыз. Экономика саласы болсын, медицина саласында бұл жерде зерттеушілерге алатын материал өте көп деп айтуымызға болады. Қазіргі кезде зерттеушілер «Қазаққа» көп жүгінеді. «Қазақтың» ішіндегі материалдарды алуға тырысады. «Қазақ» энциклопедия деп айттым. Сол энциклопедияны қадірлеп, қолдануымызға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде