{metadescription}
«Әй, қыз, көзіңді аш!» —  әйелдерге арналған жаңа кітап жарыққа шықты
«Әй, қыз, көзіңді аш!» —  әйелдерге арналған жаңа кітап жарыққа шықты

«Әй, қыз, көзіңді аш!» — әйелдерге арналған жаңа кітап жарыққа шықты

«Әй, қыз, көзіңді аш!» Елімізде осындай атаумен әйелдерге арналған жаңа кітап жарыққа шықты. Әйгілі америкалық жазушы Рейчелл Холлистің шығармасын қазақ тіліне аударған — Alqa баспасы.

Шығармашылық ұжым туындының талай қазақ қыз-келіншектеріне пайдасын тигізіп, санасын оятатынына сенімді. Жаңа кітап бойжеткендерге жақсы жар таңдауға, ал келіншектерге сүйікті де, қылықты әйел болуға көмектеседі. Яғни әйелдердің өмірін улап келген түрлі өтірікті тізіп, оларды мойындау мен күресудің жолы суреттелген дейді редакторлар. Бастысы ойнақы, күлкілі, жүрекке жылы тиер мейірімді оқиғалар арқылы. Туындыны шығармашылық ұжым әлемдік рейтингі жоғары 20 кітаптың ішінен таңдап алған екен.

2019 жылы АҚШ-тағы ең көп оқылған үш кітаптың бірі болыпты. Елімізде қазір бар болғаны мың данамен шығып отыр. Баспадағылар кітапты аударуға әр ұлтқа бір ғана мүмкіндік берілгенін айтады. Сол өздеріне бұйырғанына қуанышты. 

Баян Хасанова, Alqa publishing баспасының бас редакторы:

- Өзімен жұмыс істеуге, өзінің балалармен қарымқатынасын, жұбайымен қарым-қатынасын, әріптестерімен қарым-қатынасын реттеуге, мансап жолында қалай дұрыс жүру керек. Отбасы мен мансапты бірге қалай алып жүруге болады? Бала тәрбиесі қалай қалыс қалмауы керек. Бүкіл әлем оқып жатқан кітапты неге біздің қазақ қыздары, қазақ әйелдері оқымасқа деген мақсатпен осы кітапты алып, аударып, шығарып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде