{metadescription}
Алматы облысында ЖасStar халықаралық фестивалі өтті
Алматы облысында ЖасStar халықаралық фестивалі өтті

Алматы облысында ЖасStar халықаралық фестивалі өтті

Таланттарды танытатын жоба! Алматы облысында ЖасStar халықаралық фестивалі өтті. Талай жастың шығармашылығына серпін берген байқау биыл тау бөктерінде, ашық аспан астында ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болған шараға 200-ден астам үміткер қатысты.

Сапарбек Бисенбаев фестивальға Шымкент қаласынан арнайы келген. Ол байқауға «Маржан» атты психологиялық фильмін ұсынып отыр. Қысқаметражді туындының оқиға желісі өмірден алыныпты.

Сапарбек Бейсенбаев, кинодраматург:

- Фестивальға өзімнің «Маржан» деген қысқаметрлік психологический драмамен қатысып отырмын. Фильмім жас қыздың психауруханаға түсуі. Оның 18 жасқа дейін сонда өткізген өмірі туралы баяндалады. Жастар фестивалінің берер мүмкіндігі мол. Себебі кез келген жобаға жетпей тұрған қаражатпен көмектесіп, соған үлкен үлес қосып жатыр.

ЖасStar фестиваліне жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген жүздеген талантты жас бағын сынайды. Төрт күнге жалғасқан шарада қатысушылар шеберлік дәрістері мен тренинг, семинарларға да қатысты.  Бұл жолы байқау ашық аспан астында өтті. Ұйымдастырушылар тау бөктерінде жастарға ерекше шабыт сыйлағымыз келді деп отыр.

Біржан Хасанғали, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жастар кеңесінің төрағасы:

- Бүгін өте керемет күн. Биыл жер жәннаты Жетісуіміздің баурайында, таулардың ортасында, таза ауада өткізсек деген шешім қабылдадық. Мен ойлаймын, бұл жалпы жастар үшін, жалпы өнерде жүрген адамдар үшін өте маңызды. Енді табиғаттың өзі көп нәрсеге өнерлі адамды тартып отырады. Мысалы, суретшілер осыдан кейін керемет бір туындыларын дүниеге алып келер.

Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі, Нұрсұлтан Назарбаев қоры лауреаттарының концерті болды. Сахнада атақты әншілер, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары да өнер көрсетті. Жобаның басты мақсаты – мәдениет пен өнер саласында жолын жаңа бастаған жастарға шығармашылық тұрғыдан серпін беру.

Салтанат Дүнгенбаева, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жастар кеңесінің мүшесі:

- Оларға бұл қайтадан өз саласында жұмыс істеп жүрген, әріптестермен танысу, пікір таластыру. Біз сияқты әділқазылар алдына келіп, өзінің жобасын қорғап үйрену және азын‑аулақ болсада ақша тауып, өзінің жобасын іске асыруға қаражат ала алады. Бұл қажет жоба.

Бұл күні талантты жастар түрлі бағытта өнер көрсетті. Бұнда суретшілер де, әнші-бишілер де, кино мамандары да бар. Олар екі бірдей кезеңді артқа тастады. Енді олар бағындыратын соңғы белес қалды.

Қазылар алқасы байқауға жіберілген ұсыныстың ішінен 50 жобаны таңдап алды. Үздік он қатысушыға демеушілер ұсынған 2 миллион теңгелік грант табысталады. Фестивальдің қорытындысы алдағы уақытта жарияланады.

ЖасStar фестиваліне өнерпаздар мәдени жобасын арнайы сайтқа жолдау арқылы қатыса алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде