{metadescription}
Шемонаихада газ бекетіндегі жарылыстан екі адам көз жұмды
Шемонаихада газ бекетіндегі жарылыстан екі адам көз жұмды

Шемонаихада газ бекетіндегі жарылыстан екі адам көз жұмды

Беті бері қарамады. Шығыс Қазақстан облысында газ құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды. Өрт ошағында қалған науқастардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер.

Оқыс оқиға 22 маусым күні Шемонаиха қаласында болған еді. Жойқын жарылыстан төрт адам жарақат алып, бес көлік зақымданған. Денесін 100 пайыз күйік шалған екі адам жансақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат күрескенімен, екеуін аман алып қалу мүмкін болмаған. Ал жеңіл жарақат алған тағы екі науқастың жағдайы жақсы. Олардың өміріне төніп тұрған еш қауіп жоқ.

Сұлтанбек Битеміров, Шемонаиха ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Екі науқас дәрігерлердің бақылауында. Қазір емдом алып жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Денесі күйіп қалған екеуі хирургия бөліміне жатқызылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде