Үржардағы Балалар үйінің басшылығы 6 миллион ұрлаған
Жетімнің аузынан жырып жеген! Абай облысының Үржар ауданында Балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгені қалтаға басыпты.
Автор: Айжан Шамшидин
26.06.2023
Қитұрқы әрекеттерін олар бір жыл бойы жүзеге асырып отырған. Прокуратураның мәліметінше, Науалы Балалар үйінің директоры өзіне және мекеменің бас есепішісіне әр мереке сайын негізсіз сыйақы, одан қалса тек қағаз жүзіндегі іс-сапарларды рәсімдеген. Жұмыс істемейтін туыстарын да Балалар үйінің қызметкері ретінде тіркеп, ай сайын айлық төлепті. Қазір директорға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Бақытжан Мәмбетов, Үржар ауданының прокуроры:
- Басқа жұмысшылармен салыстырғанда, өзінен 10 есе артық сыйақы алған. Аталған заңсыз әрекеттермен мемлекетке залал келтіруіне байланысты прокуратурамен ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!